Атырау, 27 сәуір 06:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Біреулер WhatsApp-пен өлім туралы ақпарат таратуда

3 119 просмотра

WhatsApp арқылы жансақтауда көз жұмған сәби туралы таралған аудиожазба қала тұрғындарын шошытты.

Қайғы жұтқан әйел дауысы жедел жәрдемнің 40 градус температурасы бар сәбиді жансақтау бөліміне алып кеткенін айтады. Түн ортасында дәрігерлер оның өмірі үшін күреседі, бірақ оны құтқара алмаған. Жан сақтау бөліміндегілер Атырауда бұл бір ай ішіндегі 13-ші бала өлімі екенін хабарлапты-мыс.

Бізде мұндай жағдайлар болған жоқ, әйтпесе бұл туралы білер едім ғой, - деп үзілді-кесілді мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВА.

Адамдардың неліктен мұндайды тарататынын мүлдем түсінбеймін. Балалардың өлімі секілді осындай тақырыптарды пайдаланып, қоғамдық санаға әсер етуді қылмыс деп атар едім! – дейді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ қынжылыспен. – Осындай температурасы бар балаларды біздерге әкеледі. Біздің ауруханада мұндай жағдайлар болған жоқ. Әрине, қазір жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастар көп, эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай, алайда эпидемиялық деңгейден асқан жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 желтоқсан 2016, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.