Атырау, 10 ақпан 04:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Қаракөзбен қалаға жете алмады

2 159 рет қаралды

Махамбет аудандық соты аудан тұрғынына 260 келі қаракөзді иемденгені үшін 200 сағат қоғамдық жұмыс жасауға үкім шығарды.

Сотталушы балықты наурыз айында Жайықтан балықшылардан алған. Балықты өзінің «ВАЗ-2121» көлігіне тиеп, сату үшін Атырауға кетеді. Талғайраң селосына жақын жерде оны жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатады.

– Сот ҚР ҚК-нің 196-бабында («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу») қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған С.Б.-нің ісін қарады. Сотталушының жеке басын және оның материалдық жағдайын (ол жұмыссыз) ескере отырып, сот оны 200 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындады, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.