Атырау, 18 қазан 05:49
 дождьВ Атырау +14.9
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Балағат хабарлама үшін айыппұл төледі

2 695 рет қаралды

Жылыой аудандық соты ұсақ телефон бұзақылығы фактісі бойынша азаматша К.-ге қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Құлсары қаласының тұрғыны К. ұялы телефон арқылы күйеуінің бұрынғы әйеліне балағат сөздермен СМС-хабарлама жіберген.

Сот қаулысымен К. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-тармағында қарастырылған құқықбұзушылықты («Ұсақ бұзақылық») жасауда кінәлі деп танылып, 10 АЕК – 21 210 теңге көлемінде әкімшілік жаза алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қыркүйек 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.