Атырау, 5 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жүргізуші қыз баланы қағып өлтіріп, өзі қашып кетті

4 500 рет қаралды

17 қаңтарда Атырау-Дамбы трассасында Жаңаталап поселкесінің маңында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жаяу жүргінші өткелінен жергілікті мектептің 9-сынып оқушысын көлік қағып кеткен. Оқушы қыз алынған зақым салдарынан көз жұмды. Куәгерлер жүргізушінің оқиға орнынан ғайып болғанын хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар қыркүйектен бері биліктен осы учаскеге жол кедергісін орнатуды өтінген. Алайда бұл әлі күнге дейін жасалмаған.

Өкінішке орай, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен ресми ақпарат ала алмадық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
18 қаңтар 2017, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.