Атырау, 25 желтоқсан 19:21
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қылмыстар хроникасы

3 094 рет қаралды

Жағалау күзеті өңірлік басқармасы «Евразия» шекаралық заставасының жасағы 28 желтоқсанда Дамбадан екі центнер иесіз сазан тапты. Балық «Надежда» ЖШС-не тапсырылды.

***

Криминалдық полиция ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы Балықшы тұрғынын ұстады. 10 желтоқсанда ол Дамбадағы азық-түлік дүкенінің есігін бұзып, кассадан 50 мың теңге қолма-қол ақша мен азық-түліктер алып кеткен. Заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.

***

Полиция «Дина» базарындағы контейнерден екі қорап тауық етін ұрлады деген күдікпен 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсарыда 20 жастағы жергілікті үш тұрғын ұсталды. Оларға 29 қарашада аудан орталығында КамАЗ көлігі мен «Комацу» экскаваторынан екі аккумулятор ұрлады деген айып тағылуда.
4 қаңтар 2017, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.