Атырау, 5 желтоқсан 14:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара

3 613 рет қаралды

Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының тұрғынына қатысты пара бергені үшін үкім шығарды. Бұл Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢ ісімен байланысты, оған бұрынырақ пара алғаны үшін 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын («Рзағұловаға айыппұл жазасын берді»).

Сот материалдарында көрсетілгендей, өткен жылдың күзінде «ТанТехстрой» ЖШС директоры салық декларациясын уақытылы табыс етпегені үшін әкімшілік жазаға тартылған болатын. Одан бөлек, ЖШС-нің атына тіркелген банк есепшоттарына операциялар жүргізуге шектеулер қойылады. Сол кезде ЖШС директорының жолдасы Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А. Рзағұлованың кабинетіне кіреді. Басшы орынбасары қызыл балық әкелсе, мәселені шешіп беруге көмектесетінін айтады. Ер адам оның айтқанын істеп, оған 19,5 келі бекіре тұқымдас балықты береді.

- Сотталушы К. Ж. ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-тармағы («Пара беру») бойынша кінәлі деп танылып, оған 606 762 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды, - дейді Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Лаура АСАНОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қаңтар 2017, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.