Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қылмыстар хроникасы

2 809 рет қаралды

Құрманғазы прокуратурасы мониторинг барысында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен порнографиялық материалдары бар 15 топты анықтады. Олардың әрқайсысына ҚР-нан 10 мыңға дейін адам жазылған. Құрманғазы ауданының прокуроры Е.Хисметуллиннің айтуынша, Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне осы топтарға кіруді шектеу туралы ұйғарым берілді. Ұйғарым орындалды.

***

Қазанның 17-де Индербор поселкесінде ұрыс-керіс барысында 20 жастағы жергілікті тұрғын 21 жастағы ауылдасына пышақ салып алған. Алынған зақым салдарынан ол аудандық ауруханада көз жұмды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г.Мұхтарованың хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Атырау полициясы Жайық жағасынан балық аулап жүрген әуесқой балық аулаушының күртесінен ұялы телефон ұрлады деп күдіктелген 68 жастағы әйелді ұстады.

***

Қазанның 9-ына қараған түні Бірлік поселкесінде азық-түлік дүкенінің кіреберісінде Қызылқоға ауданының 26 жастағы тұрғыны 50 жастағы әйелді зорламақ болған. Күдікті ұсталды, тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға Исатай ауданының 32 жастағы тұрғыны шағымданды: 10 қазанда сағат 20-да Атырауда белгісіз біреу оның қолынан құны 25 мың теңге тұратын ұялы телефонын жұлып алған. Күдікті анықталды, ол СМП-163 ықшамауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

***

Махамбет аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-тармағының 3-тармақшасы («Ұрлық») бойынша сотталушы А.Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 2016 жылдың шілдесінде ол зардап шегуші Т.Д.-ның үйіне заңсыз кіріп, айфон-4 смартфонын ұрлап алған. Сотта зардап шегуші А.Д.-мен медиация тәртібімен татуласқанын, зиян толықтай өтелгенін түсіндіріп, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды өтінді. Сот шешімімен А.Д. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

***

Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат Б.А. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-тармағы («Жүргiзушiлердің көлiк құралдарының бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзушылығы») бойынша кінәлі деп танылып, 21 210 теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды. Қыркүйекте Атырау-Астрахан трассасында оның КамАЗ көлігінің шанағынан жүктің бір бөлігі түсіп кетіп, пластик тұрбаның бірі қарсы келе жатқан МАN көлігінің алдыңғы әйнегін сындырған. Сотта Б.А. өзінің зардап шегушіге зиянды өтегенін ескеруді сұрады.

20 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.