Атырау, 5 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қыстақтағы педофил 19 жылға сотталды

2 320 рет қаралды

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш жасар бүлдіршінге азғындық әрекет жасаған ер адамға үкім шығарды.

Осы жылдың 24 наурызында Индер ауданы Елтай ауылының қыстағында Батыс Қазақстан облысынан келген 44 жастағы шопанның көмекшісі мас күйінде үш жасар қыз балаға азғындық әрекет жасаған. Қызының қатты жылаған дауысын естіген анасы дереу үйге кірген кезде сұмдықтың үстінен түскен. Сол бойда ол қылмыскерді итеріп жіберіп, полиция шақыртқан. Қыз бала облыстық ауруханаға жеткізілді.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-ның 121-бабы 4-тармағымен («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») қылмыстық іс қозғалды, Индер ауданының прокуроры Алтынбек ЖҰМАБЕКОВТЫҢ айтуынша, сотталушы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 шілде 2016, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.