Атырау, 5 желтоқсан 14:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Рзағұловаға айыппұл жазасын берді

3 170 рет қаралды

Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАҒА сот үкімі шықты. Оған 5,6 млн теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге салсақ, 17 қазанда шенеунік өзінің қызметтік кабинетінде 130 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталған болатын. Ұсталғаннан кейін дереу ол мойындау жауабын беріп, іс жүргізу келісімшартын жасау туралы өтініш берді. А.Рзағұловаға ҚР ҚК-нің «Пара алу», «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» және «Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу» баптары бойынша айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында орын алған төрт криминалдық эпизод дәлелденді. Атырау қаласы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВТЫҢ айтуынша, Рзағұлова параны ақшалай да, қызыл балық және құрылыс материалдары түрінде де алып отырған.

Сот оны кінәлі деп танып, қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеумен және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын айырумен қатар, 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындады. Біз Д.Бағытжановтан маңдай терімен табылған мүліктен «қылмыстық жолмен табылған мүлікті» кім және қалай айыратынын нақтылауға тырыстық. «Бұл сот орындаушыларының ісі» деп жауап берді ол.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қараша 2016, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.