Атырау, 5 желтоқсан 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Олар жылдан астам уақыт үй тонаумен айналысқан

2 100 рет қаралды

Атырауда 30-дан астам үйді тонаған тонаушылар тобы сотталды.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталған төрт жас жігіт пен кәмелетке толмаған бір балаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, негізгі сот отырысында осы төртеуінің 2015 жылдың мамырынан 2016 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта түнгі уақытта Атырау қаласындағы 33 үйден үй қожайындарының жоқтығын пайдаланып, алтын бұйымдар, бағалы заттар мен ақшаларды ұрлағандығы анықталды. Нәтижесінде зардап шегушілерге жалпы сомасы 10 миллион теңге сомада материалдық зиян тигізілген.

Сотталушылардың кінәсі олардың мойындау жауаптарымен, зардап шегушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сонымен қатар, сот тергеу барысында тексерілген айғақтармен дәлелденді.

Кәмелетке толмаған М.Е.-ге ҚР ҚК-нің 63-бабының 3-тармағы қолданылып, пробациялық бақылау түрінде 1 жылға жаза тағайындалды. Қылмыстық істің басқа фигуранттарына жалпы режимдегі колонияда 8-ден 3 жылға дейін түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы берілді.

Сонымен қатар, сотталушылардан зардап шегушілердің пайдасына тигізілген зиян өндіріліп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
27 қыркүйек 2016, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.