Атырау, 3 мамыр 13:19
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Бұрын сотталған ішкішті ата-аналық құқығынан айырды

2 388 просмотра

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Атырау қаласының тұрғын әйелінің азамат Н.-ды кәмелетке толмаған баласына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызын қанағаттандырды.

Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Әсемгүл ИЩАНОВАНЫҢ айтуынша, сот олардың ортақ некеден туған қызы бар екендігін анықтады. Некелері 2012 жылы бұзылған. Бірақ олар 2006 жылдан бері бірге тұрмайды. Сол уақыттан бері талап-арыз беруші баланы жалғыз өзі тәрбиелеуде, ал жауапкер алимент төлеуден қасақана жалтарып келеді. Талап-арыз беруші қызының өмірі мен денсаулығы үшін қауіптенетіндігін негізге алып, сотқа жүгінген.

- Жауапкер А. 2007 жылғы 17 қаңтардағы Атырау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 121-бабының 2-тармағының «б» тармақшасы бойынша («Кәмелетке толмаған зардап шегушіге өлтіру қатерін төндіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді, - дейді А.Ищанова. - Ол криминалдық есепке алынған, сонымен қатар 2016 жылы алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйде тыныштықты бұзғаны үшін, жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдалануға салынған тыйымдарды бұзғаны үшін 6 рет жауапкершілікке тартылған.

Сот ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 75-бабының негізінде жауапкерді ата-ана құқығынан айырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қараша 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.