Атырау, 6 мамыр 20:55
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

2 675 просмотра

«Жасөспірім» жедел-алдын алу операциясы жүргізілген үш күн ішінде кәмелетке толмаған 500-дей жасөспірім полицияға жеткізілді. Көпшілігін түнгі сағат 23-тен кейін көшеде, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін ұстаған. Базарлар мен вокзалдардан 20-дан астам панасыз балалар табылды, берекетсіз отбасынан шыққан 30 бала есепке қойылды. Бұдан басқа, жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен шылымдар сату фактілері бойынша 29 әкімшілік хаттама жасақталды.

Атырау облысында «Қауіпсіз жол» деп аталатын үшкүндік жедел-алдын алу шарасы өтті. Мас күйде көлік жүргізген 24 тұлға, жүргізуші куәлігінен айырылған 16, мүлдем куәлік алмаған 65 адам ұсталып, қауіпсіздік белдігін тақпаған 296, телефонмен сөйлескен 229, жылдамдықты арттырған 251, қызыл шамнан өтіп кеткен 22, техникалық тексеруден өтпеген 20 жүргізушіге айыппұл салынды. Бұдан басқа, жаяу жүргіншілер тарапынан 115 жол-көлік қозғалысын бұзушылық анықталды.

№2 сот Атыраудағы жеке медициналық емханалардың бірінде жұмыс жасайтын күзетшіні екі айға қамауға алуға санкция берді. Ол салмағы 0,12 г ацетилді апиыны бар шприцті заңсыз сақтаған және өткізген деп күдіктеліп отыр.

№2 сот көлікжайлардан көлік тұншықтырғыштарын ұрлады деп күдіктелген Атырау тұрғынын 2 айға қамауға алуға санкция берді. Зиян 2 млн теңге деп бағаланды.

Қазақстан-Ресей шекарасында «Құрманғазы авто» шекаралық өткізу пунктінің қызметкерлері 54 жастағы ҚР азаматын ұстады. Оның «Газель» көлігінен акциздік маркасы жоқ 264 бөтелке арақ табылған. Ұстау фактісі туралы Құрманғазы ауданының құқыққорғау органдарының өкілдеріне хабардар етілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекаралық қызметтің баспасөз қызметі.

Атырау полициясына 42 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны шағымданды: танысы оның сеніміне кіріп алып, 1 млн 300 мың теңгеге мемлекеттік кірістер департаментінде туындаған оның ЖШС-не қатысты проблеманы шешіп беруге уәде берген. Соңында ақшасы да, проблемасын шешімі де, танысы да ғайып болған.

Криминалдық полиция қызметкерлері Құрманғазы көшесінің бойындағы көлікжайды бұзып кіріп, ішінен өңдеуші аппарат пен құрал-саймандарды алып кетті деп күдіктелген жергілікті екі тұрғынды ұстады. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Балықшының 16 жастағы тұрғынын ұстады. 12-сінен 13 ақпанға қараған түні ол Привокзальныйдағы пәтер терезесінің жақтауын ығыстырып, ішке кіріп, ол жерден ұялы телефон мен аяқ киімді ұрлап кеткен. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қарашаның 18-де талтүсте «Дина» базарының маңында полиция қызметкерлері 32 жастағы Жаңаталап ауылының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Судзуки» көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан жөнелтпе құжаттары жоқ 442 келі сазан табылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚІІБ-нің кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны шағымданды, ол 26 қазаннан 17 қарашаға дейінгі аралықта жөндеушінің оның пәтерінен 800 мың теңге ұрлап кеткендігін хабарлады. Күдіктінің жеке басы анықталып, оған іздеу жүргізілді.

Атырауда «Контрафакт» операциясының барысында 26 жастағы тұрғын ұсталды. Ол фильмдері бар қарақшылық DVD-дискілерді сатумен айналысқан. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Соғым» операциясының барысында Исатай АІІБ қызметкерлері Аққыстау поселкесіндегі мал қорадан қой ұрлаған Тұщықұдық ауылының тұрғынын ұстады. Атырау қалалық ІІБ криминалдық полициясы «Тума» мал базарынан төрт қой ұрлады деп күдіктелген адамды ұстады. Ал ІІБ №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Қайыршақты ауылдық округінде жеті қойды ұрлаған 31 жастағы күдіктіні анықтады. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Молдағұлова көшесінің бойындағы дүкенге келуші жанжал шығарып, сөредегі бөтелке арақты сындырған. Сатушы полицияға қоңырау шалып, Мақат ауданының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

«Тамаша» сауда орталығында құны 32 мың теңге тұратын ер адам бәтіңкесі ұрланған. Полиция ұрының жеке басын анықтап, 23 жастағы ұрыға іздеу жарияланды.

Полицияға 36 жастағы қала тұрғыны шағымданды: оның танысы, Индер ауданының тұрғыны алаяқтық әрекеттер арқылы өзіне тиесілі «Киа Рио» көлігін сатып, ақшасымен ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

Атырау тұрғыны 2015 жылдың қазанында таныс ер адамның оған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, 9 мың долларын алып, ғайып болғаны туралы полицияға шағымданды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

23 қараша 2016, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.