Атырау, 23 желтоқсан 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

​Табиғи болмыс

- Менің 13 жастағы сіңлім ер балаларша киініп, ер балаларша жүріп-тұрады. Шашын ер балалардың шашындай алдырады. Ер балалармен ғана дос, олармен бірге әжетханаға да барады. Қазір өсіп келе жатқан омырауын жасыру үшін бүкірейіп, қабаттанып киініп жүреді. «Сен қыз баласың» деген әңгімені тыңдағысы келмейді. Қайтпек керек? 30 шілде 2015, 00:00 2 714 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жаяу жүргіншілер жолы қайда?

– Нұрсая ықшамауданынан қала орталығына қарай автобустар жүйелі қатынамайды. Нұрсаяның көптеген тұрғындары орталыққа дейін жаяу жетуге мәжбүр. Ал Құрманғазы көшесінен Нұрсаяға дейінгі қиылыста және Құрманғазы көшесінің бойынан «Тамаша» сауда үйіне дейінгі Бейбарыс даңғылының бойында жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Жаяу жүргіншілер көлік жолымен өтетіндіктен аталмыш көлік жолдарында жол-көлік оқиғасы жиі туындайды, жаяу жүргінші жолы қашан салынады? 16 шілде 2015, 00:00 6 329 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Әр септиктің орны бар

– Балауса ықшамауданындағы №7 және №8 көшелерде жеке үйлердің септиктері көлік жолында орналасқан. Жолдар асфальтталмаған және құдықтар жаяу жүргіншілер мен автокөлікке қауіп төндіріп тұр. Құдықтардың үй ауласында орналасуы тиіс екендігі туралы қандай да болмасын стандарттар бар ма? 16 шілде 2015, 00:00 2 461 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​ДСҰ-да өзгерістер бар ма?

– Мен Армения азаматымын, Атырауға жұмысқа орналасқым келеді. ДСҰ-на қатысушы ел азаматтарының жұмысқа орналасу тәртібі Қазақстанның осы ұйымға кіруіне байланысты өзгерді ме? Көші-қон полициясына кеңес алуға жүгінгенмін, бірақ жауап ала алмадым. 9 шілде 2015, 00:00 2 393 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Суға ақша жоқ, кешікпей жолдар салынады

– Биылғы жылдың сәуірінде Еркінқала-2 поселкесі тұрғындарының жиналысында Еркінқала селолық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВ биыл поселкемізде су құбыры желісі мен жолдар салынатынын хабарлаған еді. Содан бері қарай екі ай өтті. Ал құрылыс техникалары әлі көрінбейді. Поселкеде жер телімдері бес жыл бұрын берілді. Ал бір жылдан кейін тұрғындардың көпшілігі өз үйлерін салып алды. Бізде су мен жол қашан болады? 9 шілде 2015, 00:00 3 111 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Көшедегі проблемалар

– СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесінің қалған бөлігін (320 метрін) қашан асфальттайды? Ескі су құбыры қашан ауыстырылады? Көшедегі тозығы жеткен ескі электр желілері қауіп тудырады. Алты жыл бұрын осы көше бойында қосалқы станция салынатындығын айтқан еді. Алайда содан бері ештеңе өзгермеді. Бұл мәселелер қашан шешіледі? 9 шілде 2015, 00:00 2 249 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Қызықты қызмет түрі

– Атырау қаласындағы жеке секторда кәріз жүйесі жоқ, ал үй қожайындарынан кәріз жүйесінің қызметі үшін ақы алынады. Егер септиктерді тұтынушылардың өздері орнататын болса, КМК-ге не үшін төлейді? Сондай-ақ, тұтынушылар қоқыр-соқырдан тазартатын машинаның қожайындарына сарқындыларды тартып, қабылдау қосынына дейін тасымалдағаны үшін ақы төлейді. Жеке секторда кәріз қызметі үшін тариф неден жасалады? 2 шілде 2015, 00:00 3 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Тамызда келіңіз

- Менің 3 жастағы немереме Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «эпилепсия» диагнозын қойды. Оған мүгедектік тағайындау үшін Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жанындағы дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясы мүгедектік анықтамасы төрт айдан соң берілетінін айтты. Ол үшін бала Тұрғындар қалашығындағы оңалту орталығына жатып шығу керек екен. Ал оңалту орталығында баланың сіңірі тартып қалатыны бар деп қабылдамай отыр. Енді мен не істеуім керек? 25 маусым 2015, 00:00 2 985 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Препараттар тапшы

- Мен демікпемен ауырамын, диспансерлік есепте тұрмын, «Серетид» препаратын тегін алуға тиіспін. Бірақ бізде Құлсарыда жыл басынан бері бұл дәріні тегін бермейтін болған. Мен үнемі өз дәрігеріме телефон соғып тұрамын. Бірақ тендерге бүкіл құжаттардың дер кезінде жіберілгенін, ал тендер қорытындысы әлі жоқ екенін ғана білдім. Маған бұл дәрі өмірім үшін қажет, қазір мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құралды қолдануға мәжбүрмін. Айтпақшы, ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір жәйт: неліктен облыс жарамдылық мерзімі бітейін деп тұрған дәрі-дәрмектерді сатып алады? 25 маусым 2015, 00:00 2 228 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Емхананы таңдау - өз еркіңізде

- Мен тұрғылықты мекенжайым бойынша ешқашан дәрігерлерге қаралған емеспін. Тиісінше, ешбір емханаға бекітілмегенмін. Егер менде есептен шығару талоны жоқ болса, маған қалай емханаға тіркелуге болады? 25 маусым 2015, 00:00 2 642 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Аула жеке үйге тиесілі

– Мен Тайманов, 58 мекен-жайында тұрамын. Біздің ПИК ауланы асфальттауға ақша жинауда. Алаңы 109 шаршы метрдей болатын менің пәтеріме 155 мың теңге төлеуге есепшот әкелді. Бұл қаншалықты заңды? Үйішілік жолдарды асфальттауға қаржы бюджеттен бөлінбей ме? 18 маусым 2015, 00:00 2 467 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Әуелі үй саласыз

- Бізге екі жыл бұрын әуежай трассасы маңынан жер телімін пайдалануға берді. Енді оған үй салайық десек, су, газ, жарық желілері жүргізілмеген. Әкімдік жерді иелену құқығын екі жылға уақытша ұзартып берді. Бірақ олар уақытша мемлекеттік актісін берді. Неге жер сатып алған адамға тұрақты мемлекеттік акт берілмейді? 18 маусым 2015, 00:00 2 314 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жаппай ұсыныс қаруы

– Жарамсыз газ тапаншасын қайта тіркегім келген, бірақ құқыққорғау органдарында маған оны кәдеге жаратуға тапсыруды ұсынды. Тапаншаны тапсырдым, ал қолыма ешқандай құжаттар алған жоқпын. Сол жерде ұсталған тапаншаны алуды ұсынды. Қаруды кәдеге жаратуды тапсыру процедурасы қандай? Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды алуға болатыны рас па? Ол қалай ресімделеді? 4 маусым 2015, 00:00 1 880 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сатып алдың ба, ұшасың

- Көктем басында «Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы билет тарифіне кіретін отын алымы құнының төмендегенін хабарлаған болатын. Егер мен осы төмендеулерге дейін бірнеше ай бұрын билет сатып алған болсам, әлі пайдаланбаған билет құнын қайта есептеуді талап ете аламын ба? 4 маусым 2015, 00:00 2 717 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Ипотекалық несие алушыларға көмек

- Мен 2006 жылы доллармен ипотека алдым, кейін банктен валютаны теңгеге ауыстыруды талап еттім, бірақ банк бұдан бас тартып отыр. 2006 жылы мен төлеген ай сайынғы несие сомасы 42000 теңге болған, ал қазір 66 000 теңге төлеп отырмын. Ай сайынғы төлем 375 долларға шығып отыр. Банктің бас тартуға құқығы бар ма? 28 мамыр 2015, 00:00 2 951 рет қаралды
​Ешқандай жеке өмір жоқ Сұрақ-жауап

​Ешқандай жеке өмір жоқ

– Жұмысқа орналасқан кезде, банк мекемелерінде, соның ішінде қауіпсіздік қызметінде бізден туыстарымыз туралы толықтай сауалнама мәліметтерін сұрайды - бұл ҚР Конституциясының 18-бабын бұзбай ма? Осы бапқа сәйкес, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар емес пе? 28 мамыр 2015, 00:00 3 763 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үйімді қайта жаңартқым келеді

– Саман кірпіштен салынған үйлер мол нөсер жаңбырдың салдарынан суға кетіп, бүлінгендіктен іргетасын, ғимараттың габариті мен ішкі жобасын сақтап қалып, саманнан салынған қабырғасын қиыршықтасқа (ракушеблок) ауыстыру кезінде үйдің техникалық төлқұжатынан басқа қандай құжаттар ресімдеу қажет екендігін білгім келеді? 21 мамыр 2015, 00:00 2 351 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Тәрбиешінің тәрбиесі

– Егер балабақша тәрбиешісі 3 жасар ұлымды ұрған болса, қайда шағымдану керек? Балам тәрбиеші соғады деп үнемі айтатын, бірақ біз оны елемейтін едік. Ал, кеше тәрбиеленушінің теледидардан жайбарақат мультфильм көріп отырған баланың басынан соғып жібергенін әкесінің өзі көрген. 21 мамыр 2015, 00:00 2 444 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жүйесіздік жүйкені жұқартты

- ІІД Әкімшілік полиция ғимаратына автокөлік құжаттарын тіркеуге немесе есептен шығаруға барғанда үнемі жүйесіздікке тап боласың. Қызмет көрсету сапасының төмендігіне шағым айтушылар көп. Жұмысты реттеу үшін шұғыл түрде шара алу қажет. 30 сәуір 2015, 00:00 2 692 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әке капиталы

– Күйеуім бірінші некедегі қызына алимент төлейді. Бұл сома оның жалақысының 25 пайызына тең. Қазір оның басқа отбасы бар, біздің баламыз өсіп келеді. Ол алиментті әрбір бала үшін 16,5 пайызға дейін - жалпы екі балаға 33 пайызға азайтуға құжаттарын бергісі келеді. Ол үшін не керек?– Бұрынғы күйеуім жұмыссыз. Біздің ортақ бір баламыз бар. 2014 жылы бір балаға жұмыссыз ата-анадан 27 160 теңге алимент тиесілі болды. Ол Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы бойынша есептелді. Биыл менің сот орындаушым жұмыссыз алимент төлеушілер үшін алимент есептеу жүйесі өзгергенін және 4 000-5 000 теңге мөлшерінде белгіленетінін айтты. Мұндай өзгерістер қандай негізде орын алды? 30 сәуір 2015, 00:00 2 626 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​«Анамыздың қиналғанын көру өте ауыр»

- Анам қатерлі ісікке шалдыққан, қазір 4-сатыда, қатты қиналады. Есепте тұр және ауыруды сездірмейтін препараттарды алады. Алайда наурыз айының ортасынан бастап біз «Трамадол» препаратын ала алмай келеміз. Дәрігерлер мұны біресе науқастардың өте көптігімен және препараттардың тез бітіп қалатындығымен, енді бірде шымкенттік фармацевтика зауытының дәрі-дәрмектер шығармайтындығымен түсіндіреді. Біз, тіпті, «Трамадолды» дәріханадан сатып ала алмаймыз. Бізге жақын адамымыздың қиналғанын көру өте ауыр. Ауыр науқасты пациенттерге арналған ауруды сездірмейтін дәрмектерді жеткізудегі іркілістер немен байланысты? Неліктен өтінімдерді жасауға жауапты мамандар мұндай жағдайларды қарастырмайды? 16 сәуір 2015, 00:00 2 304 рет қаралды