Атырау, 26 желтоқсан 11:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​Суда жылдамдықты сақтаған жөн

2 193 просмотра

– Қала маңында және одан тысқары жерлерде балық аулауға және серуендеуге арналған моторсыз екі орындық резіңке қайықты тіркеу қажет пе?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық көлік бақылау инспекциясының су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Мереке БАЙМҰХАНОВ жауап берді:

– Биылғы жылдың қаңтарында ҚР инвестициялар және даму министрлігі бекіткен кемелерді, сондай-ақ, шағын кемелерді тіркеу ережелеріне сәйкес, 200 келіге дейінгі салмақтағы және 8 кВТ-ға (10 ат күші) дейінгі қозғалтқыш қуаты бар жүзу құралдары мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Көктемгі және күзгі балық аулау маусымы кезінде аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі (бұрынғы балық қорғау) инспекциясымен ерекше қорғалатын аймақтарда кеме жүзу режимі мақұлданады.

Көп жерлердегі Жайық өзенінің арналары кеме жүзетін арналар болып табылады. Яғни, тереңдік өзен кемелеріне жағалаудан жағалауға дейінгі бүкіл кеңістікте жүзуге мүмкіндік береді. Сондықтан шағын кемелерді жүргізушілерге қала маңында шағын кемелерді пайдалану ережесін сақтаған жөн.

Шағын кемелерді жүргізуші-лерге қала маңында – сағатына 20 шақырым, жағажай маңында – сағатына 10 шақырым жылдам-дық режимін сақтаған жөн.

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.