Атырау, 26 желтоқсан 12:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Үйімді қайта жаңартқым келеді

2 185 просмотра

– Саман кірпіштен салынған үйлер мол нөсер жаңбырдың салдарынан суға кетіп, бүлінгендіктен іргетасын, ғимараттың габариті мен ішкі жобасын сақтап қалып, саманнан салынған қабырғасын қиыршықтасқа (ракушеблок) ауыстыру кезінде үйдің техникалық төлқұжатынан басқа қандай құжаттар ресімдеу қажет екендігін білгім келеді?

Калмыков Г.Т.

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

– «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту болып табылады.

Осының негізінде қайта жаңартуды жүзеге асырғысы келген мүдделі тұлға «Қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ-не өтінішпен баруы тиіс. Жазбаша өтініште: 1) өтініш берушінің аты-жөні, мекен-жайы мен телефоны, ЖИН; 2) объект құрылысы ұйғарылып отырған объектінің мақсаты және негізгі параметрлері (есептелген қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар); 3) құрылыс учаскесін орналастыру болжанған орын негіздемесі; 4) қайта жаңартуға жататын ғимараттың мекен-жайы көрсетіледі.

Ғимаратты қайта жаңарту туралы шешімді алу үшін өтінішке: 1) өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжат-тардың көшірмелері; егер үй-жайларды жоспарланған қайта жа-ңарту өзгертілетін үй-жайлармен көршілес басқа үй-жайлардың (үйдің бөліктері) меншік иелері-нің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі қоса тіркеледі.

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.