- Бізге екі жыл бұрын әуежай трассасы маңынан жер телімін пайдалануға берді. Енді оған үй салайық десек, су, газ, жарық желілері жүргізілмеген. Әкімдік жерді иелену құқығын екі жылға уақытша ұзартып берді. Бірақ олар уақытша мемлекеттік актісін берді. Неге жер сатып алған адамға тұрақты мемлекеттік акт берілмейді?
Телефон арқылы
Бұл сұраққа облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінен жауап берді:
- ҚР Жер Кодексінің 37-бабына сәйкес уақытша пайдалануға берілген жер телімін басқа адамға сату қарастырылмаған. Осы бапқа сәйкес уақытша пайдалану актісін беруді 5 жылға дейін ұзарту қарастырылған. Жер Кодексінің 43-бабы бойынша жер теліміне тек қана тұрғын үй құрылысы салынып, пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты мемлекеттік акт беріледі.
Бұл мәселе бойынша қалалық әкімдікке хабарласу қажет.