- Анам қатерлі ісікке шалдыққан, қазір 4-сатыда, қатты қиналады. Есепте тұр және ауыруды сездірмейтін препараттарды алады. Алайда наурыз айының ортасынан бастап біз «Трамадол» препаратын ала алмай келеміз. Дәрігерлер мұны біресе науқастардың өте көптігімен және препараттардың тез бітіп қалатындығымен, енді бірде шымкенттік фармацевтика зауытының дәрі-дәрмектер шығармайтындығымен түсіндіреді. Біз, тіпті, «Трамадолды» дәріханадан сатып ала алмаймыз. Бізге жақын адамымыздың қиналғанын көру өте ауыр. Ауыр науқасты пациенттерге арналған ауруды сездірмейтін дәрмектерді жеткізудегі іркілістер немен байланысты? Неліктен өтінімдерді жасауға жауапты мамандар мұндай жағдайларды қарастырмайды?
Біз сауалымызға облыстық денсаулық сақтау басқарма-сының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢ қолы қойылған жазбаша жауап алдық.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 12.12.2013 күнгі №726 бұйрығына сәйкес, «Трамадол» препараты қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия кезінде ұзақ әсерлі таблетка, капсула, суппозиторийлер, инъекцияға арналған ерітінді түрінде қолданылады. Қолданыс көрсетілімі: диспансерлік есепте тұрған онкологиялық патологиясы бар науқастар үшін қатерлі ісіктің барлық сатысында.
ҚР үкіметінің «ҚР-да бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсат-тарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, бұл препарат дәл есеп және есептіліктің арнайы бланкасымен ғана беріледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2015 жылғы фармацевтикалық қызметті сатып алу тендерін екі кезеңде өткізді:
- тендер қорытындылары жасалғанға дейін 2015 жылдың қаңтарынан бастап бір көзден (пролонгация);
- негізгі тендер (2015 жылдың наурызы).
Қазіргі уақытта жеткізуші дәрі-дәрмектерді жеткізуді жүзеге асыруда.
Облыстық онкологиялық диспансерде стационарлық ем алып жүрген науқастар емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес, онкодиспансердің тегін қорындағы ауруды сездірмейтін және есірткілік препараттармен дер кезінде қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта онкологиялық патологиядан зардап шегетін пациенттерге арналған препараттармен қамтамасыз етуде проблема жоқ.
- Дәрі-дәрмектерді жеткізу тендері, әдетте, денсаулық сақтау министрлігі сатып алу бағасын бекіткеннен кейін ғана жүргізіледі. Алайда дәрі-дәрмектердің жеткізілуіне қатысты іркілістер орын алмас үшін біз бұрынғы жеткізушімен келісім жасадық. Яғни, өткен жылдың бағасы бойынша келісімшартты ұзарттық, - деп түсіндірді телефон арқылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмектер бөлімінің бастығы Алмагүл ДӘУЛЕТОВА. – Қазіргі уақытта тендер өтті, жеткізуші өз міндеттемесін орындауға кірісті. Пациентті дәрі-дәрмектердің қолжетімділігімен қамтамасыз ету оның мекен-жайы бойынша медициналық мекемеде жүргізіледі. Егер емханада препараттар бітіп қалса, пациенттерге онкологиялық диспансер әрдайым көмек береді. Демек, бұл жағдайда емхана мен диспансер арасында өзара байланыс болмаған. Маған осы препараттардың жетіспеушілігіне қатысты ешкім шағымданған жоқ.