- Менің 13 жастағы сіңлім ер балаларша киініп, ер балаларша жүріп-тұрады. Шашын ер балалардың шашындай алдырады. Ер балалармен ғана дос, олармен бірге әжетханаға да барады. Қазір өсіп келе жатқан омырауын жасыру үшін бүкірейіп, қабаттанып киініп жүреді. «Сен қыз баласың» деген әңгімені тыңдағысы келмейді. Қайтпек керек?
Телефон арқылы
Сұраққа мектеп психологы Гаухар НЫҒМЕТОВА жауап берді:
- Бұған әр түрлі себептер болуы мүмкін: денсаулығында ақау болуы мүмкін немесе мінез-құлығының өзгеріске ұшырауынан, сондай-ақ, отбасылық жағдайға және т.б. байланысты болуы мүмкін. Мәселен, ата-аналар әр түрлі себептермен балаға жеткілікті түрде көңіл бөлмейді. Ата-аналар балалармен жиі сырласып, шынайы әрі ашық сөйлесуі тиіс. Бәрін жәй, сабырлы, төзіммен, дауыс көтермей түсіндіруге тырысыңыз. Себебі, бала физиологиялық өзгерістерге ұшырайтын кезеңде - жасөспірім шақта болғандықтан, бәрін жүрегіне жақын қабылдауы мүмкін немесе кері жасап, мүлде елемеуі мүмкін.
Егер қыз бала бұл тақырыпта ата-анасымен мүлде сөйлескісі келмейтін болса, онда психологтың көмегіне жүгіну керек.