– Мен Армения азаматымын, Атырауға жұмысқа орналасқым келеді. ДСҰ-на қатысушы ел азаматтарының жұмысқа орналасу тәртібі Қазақстанның осы ұйымға кіруіне байланысты өзгерді ме? Көші-қон полициясына кеңес алуға жүгінгенмін, бірақ жауап ала алмадым.
azh.kz сайтынан
Сұраққа көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Болат ДОСҚАЛИЕВ жауап берді:
– Қазақстанның ДСҰ-на кіргеніне қарамастан біздің еліміз бен Армения арасында еңбек көші-қоны бойынша жеке келісімге әлі қол қойылған жоқ. Елдің белгілі бір ұйымға кіру туралы негізгі келісімшартынан өзге басқа мәселелерді, атап айтқанда, еңбек көші-қоны, сауда және т.б. мәселелерді реттейтін бірқатар құжаттарға қол қою керек. Мәселен, Қазақстан КО-на кіргеннен кейін Ресей мен Белоруссия азаматтары бір ай тіркеусіз, өкілетті органның келісімінсіз еңбек-келісімшарттарын жасап, біздің республика аумағында бола алады. Мұндай жағдай Армения азаматтарына қатысты қолданыла бастау үшін Армения азаматтарына қатысты ДСҰ шеңберінде жеке келісім қажет.