– Банк ҚР азаматтарына шетелдік валютамен қарыз бере ала ма?
azh.kz сайтынан
Сұраққа Ұлттық банк Атырау филиалының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Шәрипа МЫРЗАҒАЛИЕВА жауап берді:
– Банктің шетелдік валютамен банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар болған жағдайда бұл банк ел аумағында шетелдік валютамен қарыз беруге құқылы. «Валюталық реттеу туралы» заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес, өздеріне берiлген лицензияға немесе ҚР заңнамалық актiлерiне сәйкес, уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларды қоспағанда, резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады.