Атырау, 3 қыркүйек 06:13
 дождьВ Атырау +13
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

​Зейнеткерлер тек мемлекеттік баж салығын төлейді

3 192 рет қаралды

– Зейнеткерлік жастағы азаматтар үшін нотариалдық қызмет құнына жеңілдіктер бар ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық Нотариалдық палатасының төрағасы Гүлнәр МАСАТОВА жауап берді:

– Нотариустар қызметінің құны мемлекеттік баж салығы мен құқықтық және техникалық сипаттағы қосымша қызметтерді төлеуден тұрады. Нотариалдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшерлемелері ҚР Салық кодексінің 536-бабында айтылған. Зейнеткерлік жастағы тұлға нотариалдық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қосымша қызметтер төлеуден босатылады. Мәселен, зейнеткер нотариустан зейнетақыны басқа тұлғаның алуына сенімхат ресімдегісі келеді. Мұндай сенімхатты ресімдеу кезіндегі мемлекеттік баж салығы АЕК-тің 10 пайызын құрайды, яғни – 198 теңге, оған қоса қосымша қызмет – 1 АЕК (1 982 теңге), барлығы 2 180 теңгені құрайды. Зейнеткерлер қосымша қызмет құнын төлеуден босатылғандықтан сенімхат үшін оған бар болғаны 198 теңге төлеу керек болады.

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.