– Мен Тайманов, 58 мекен-жайында тұрамын. Біздің ПИК ауланы асфальттауға ақша жинауда. Алаңы 109 шаршы метрдей болатын менің пәтеріме 155 мың теңге төлеуге есепшот әкелді. Бұл қаншалықты заңды? Үйішілік жолдарды асфальттауға қаржы бюджеттен бөлінбей ме?
Телефон арқылы
Сұраққа «Виктория 1» ПИК төрағасы Рая ШУКАБАЕВА жауап берді:
– Бұл жеке үйдің ауласы, бізде мемлекеттік акт бар. Онда пәтердің әрбір тұрғыны шартты үлеске ие деп айтылған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 35-бабының 2-тармағында былай делінген: «пәтерлердің меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге міндетті». Әрі қарай осы баптың 3-ші тармағында ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пәтер иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi делінген.
Біздің ПИК «Тасжол» ЖШС-мен асфальттау жөнінде келісімшарт жасады. Жұмыстың жалпы сомасы 20 млн теңге. Оған жөндеу және 1 500 шаршы метрге жаңа асфальт жабынын жабу; 1300 шаршы метрге жаңа көлік тұратын жер салу, 143 метр жолжиек пен 70 м жаяу жүргіншілер өңіртасын орнату кіреді. Бізде тұрғындар жиналысы өтті, бірақ кворум болған жоқ. Қазір біз пәтер аралап, келісім алуға қол жинаудамыз. Мердігер жұмыстарды ақшаның түсуіне қарай бөліп-бөліп орындауға міндеттелді. Бізде мемлекеттік акт бар болғандықтан, қалалық бюджеттен асфальттауға қаржы бөлінбейді.