– Балауса ықшамауданындағы №7 және №8 көшелерде жеке үйлердің септиктері көлік жолында орналасқан. Жолдар асфальтталмаған және құдықтар жаяу жүргіншілер мен автокөлікке қауіп төндіріп тұр. Құдықтардың үй ауласында орналасуы тиіс екендігі туралы қандай да болмасын стандарттар бар ма?
Г. Қапанова
Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:
– Септик – қоршаған ортаға ықтимал қауіп төндіретін қондырғы. Мұндай құрылғыларды бақылаусыз орнатуға тыйым салынған. Орнатпас бұрын жобасын жасақтап, «Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы» РМБ-дан (бұрынғы қалалық СЭС) келісім алу керек. «Атырау Су Арнасы» КМК-ның техникалық шартында кәріз жүйесіне қосу үшін мынадай шарт болу керек: «септик құрылғысы сәулет және қала құрылысы бөлімінде мақұлдануы және оған қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасынан рұқсат алынуы тиіс».