Атырау, 21 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оқиға

Үйлерді тонап, автокөлік сатып алған Оқиға

Үйлерді тонап, автокөлік сатып алған

Атырауда Нұрсая, Жұлдыз-1, Жұлдыз-2, Орбита, Көктем ықшамаудандарында ұрлыққа түскен жастардан құралған ұрылар тобы ұсталды. Олар наурыз бен маусым айларының аралығында жеке үйлер мен пәтерлерге 18 рет ұрлыққа түсті деп күдіктеліп отыр.      4 қазан 2017, 10:38 2 975 рет қаралды
Уылдырық үшін көлігін тәркіледі Оқиға

Уылдырық үшін көлігін тәркіледі

2 қазанда «Құрманғазы-Авто» бақылау-өткізу бекетінде Toyota Ipsum көлігімен Қазақстан-Ресей шекарасынан өтер кезде Мәскеу облысының 54 жастағы тұрғыны В. МИХАЙЛОВ бекіре тұқымдас балық уылдырығымен ұсталды. 3 қазан 2017, 13:23 3 784 рет қаралды
Табыс табуға келіп, қылмыскер атанды Оқиға

Табыс табуға келіп, қылмыскер атанды

Қарақалпақстан тұрғыны, 44 жастағы Дилшадбек ХУСНЕТДИНОВ өз жерлесін өлімші етіп сабап тастады. Өзбекстаннан Атырауға табыс табуға келген ол бұл жерде Р.УТЕМУРАТОВАМЕН бірге тұрған. Спирттік ішімдікті жиі ішетін олардың бұл отырыстарының соңы ұрыс-керіспен аяқталады екен... 26 қыркүйек 2017, 17:05 3 260 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Достық көшесінің бойындағы дүкеннің сатушысы ҚІІБ-не 10 маусымда сағат 20.30-да өзін салық қызметінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс ер адамның одан 10 мың теңге түсімді алып кеткендігіне шағымданды. Тергеу жүргізілуде. 14 маусым 2017, 19:19 3 387 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Атырау қалалық прокуратурасы мониторинг барысында «Вконтакте» әлеуметтік желісінен қолдан жарылғыш құрылғысын дайындауды үйрететін 21 бейнематериалды анықтады. Мұндай «сабақтың» әрқайсысын 5 мыңнан 10 мыңға дейін пайдаланушы көрген. Атырау қаласының прокуроры Р.Құттықовтың айтуынша, прокурорлық ұсыныстың негізінде Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті бұл материалдардың ҚР аумағында таралуына тыйым салды. 18 мамыр 2017, 00:00 3 685 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 619 рет қаралды
​Майор біреудің КамАЗ-ын сатып жіберген Оқиға

​Майор біреудің КамАЗ-ын сатып жіберген

Құрманғазы аудандық соты ҚР ҚК-нің 361-бабы 2-тармағымен («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») айыпталған жергілікті ішкі істер бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық істі қарады. 19 қаңтар 2017, 15:18 2 403 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

«Жасөспірім» жедел-алдын алу операциясы жүргізілген үш күн ішінде кәмелетке толмаған 500-дей жасөспірім полицияға жеткізілді. Көпшілігін түнгі сағат 23-тен кейін көшеде, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін ұстаған. Базарлар мен вокзалдардан 20-дан астам панасыз балалар табылды, берекетсіз отбасынан шыққан 30 бала есепке қойылды. Бұдан басқа, жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен шылымдар сату фактілері бойынша 29 әкімшілік хаттама жасақталды. 23 қараша 2016, 20:44 2 871 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Индер аудандық соты биылғы жылдың тамызында Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған жергілікті тұрғын Е.Б.-ға үкім шығарды. Ұстау кезінде одан 5, 61 грамм наша салынған газет орамасы тәркіленген. Сотта Е.Б. өзінің кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Оған 212 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 27 қазан 2016, 00:00 1 942 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Отыз жастағы қала тұрғыны полицияға 25 тамыз күні таңертең Геолог поселкесіндегі дүкен жанында белгісіз әйел оның қызының құлағынан алтын сырғаларын шешіп алып, жасырынғанын хабарлады. Күдіктінің бет-бейнесі анықталды, ол Батыс Қазақстан облысының 20 жастағы әйелі екен. Оған іздеу жарияланды. 1 қыркүйек 2016, 00:00 2 852 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауда «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтті. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта ішінде азаматтық және қызметтік қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабы) 87 адам, оны тіркеу (қайта тіркеу) ережесін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 486-бабы) 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды 4 тамыз 2016, 00:00 2 570 рет қаралды
​Атырауда перзентханада жаңа туған сәбиді сату әрекеті құрықталды Оқиға

​Атырауда перзентханада жаңа туған сәбиді сату әрекеті құрықталды

Атырау облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері облыстық перзентханада жаңа туған сәбиді сатпақ болған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады. 20 маусым 2016, 16:36 3 144 рет қаралды
Экс-полицейдің ісі: айыптаушының сөзі мен бейнематериалдар Оқиға

Экс-полицейдің ісі: айыптаушының сөзі мен бейнематериалдар

19 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Дмитрий КИМДІ өлтірді деп айыпталған экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ қылмыстық ісін қарау жалғасты. 20 сәуір 2016, 14:40 4 586 рет қаралды
Спорт-бардағы өлім туралы іс: 2 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды Оқиға

Спорт-бардағы өлім туралы іс: 2 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды

Естеріңізге салсақ, 12 ақпанға қараған түні «Циклон Б» ЖШС-нің (жария ақпаратқа сүйенсек, фирма мұнай өндіруші және мұнай-сервис компаниялары үшін тендер бойынша жабдықтар мен құрылыс материалдарын сатып алумен айналысады - З.Б.) 31 жастағы менеджері Әлімжан МҰХАМЕДЬЯРОВ немере бауырымен және оның достарымен бірге "Олимп" спорт-барында ҚР мен Испания құрамалары арасындағы мини-футбол матчының барысын бақылап отырған. 19 сәуір 2016, 23:48 3 320 рет қаралды
Қылмыстық оқиғалар Оқиға

Қылмыстық оқиғалар

Авангардта 30 наурызда су полициясының қызметкерлері тексеру үшін «Лада» ВАЗ 21099 көлігін тоқтатады. Салоннан жалпы салмағы 185 келі болатын үш қапшық сазан табылды. Жүк Авангардтың 58 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде. 7 сәуір 2016, 00:00 4 263 рет қаралды
​Қылмыстар хроникасы Оқиға

​Қылмыстар хроникасы

Ақпанның 3-інде Әуезов көшесінің бойындағы көлікжайдан төрт жазғы көлік доңғалағының тысын ұрлады деген күдікпен СМП-163 ықшамауданында тұратын 25 жастағы ер адам ұсталды.Полицияға 20 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 17 ақпанда Сарыарқа ықшамауданында белгісіз біреу өзіне тиесілі «Тойота» көлігін теуіп, есігін бүлдірген. 25 ақпан 2016, 00:00 3 172 рет қаралды