Атырау, 5 желтоқсан 13:10
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қолайсыз аяқ киім туралы іс

3 357 рет қаралды

Атырау қалалық сотында тұтынушылар құқығын қорғаумен байланысты өте сирек кездесетін жағдай қаралды.

Талап-арыз беруші қаладағы аяқ киім дүкендерінің бірінен құны 21 525 теңге тұратын қысқы әйелдер бәтіңкесін сатып алады. Азаматтық іс материалынан: «...сатып алғаннан кейін үшінші күні киген кезде аяқ киім қалыбының қолайсыздығы салдарынан жайсыздық сезініп, башпайларының бүріліп қалатынын байқаған. Бұл жағдай оны аяғының саулығына қауіп төндіріп, башпай сүйектері мен табанының деформациялануына, әрі қарай мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін».

Шағымданушы аяқ киімді дүкенге қайтаруды ұйғарады, алайда меңгерушісі оны қабылдаудан және құнын қайтарудан бас тартады.

Сот тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң негізінде талап-арыз берушінің пайдасына дүкеннен толықтай сатып алу құнын, 12 485 теңге тұрақсыздықты, 20 000 теңге моралдық зиян өтемақысы мен сот шығындарын, барлығы 65 000 теңгені өндіріп алды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

13 мамыр 2016, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.