Атырау, 4 мамыр 03:51
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

2 917 просмотра

Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде екі түрлі бутиктен манекенге кигізілген киімдер жоғалып кетті. Ересектерге арналған 76 мың теңге тұратын және балаларға арналған 47 мың теңге тұратын қысқы маусым күртелері жоғалды. Криминалды полиция ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотталған Авангардтың 21 және 22 жастағы тұрғындарын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

Нұрсая ықшамауданындағы супермаркеттердің бірінен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол дүкеннен «кит-кат» шоколадын ұрламақ болған. Ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Желтоқсанның 10-ына қараған түні полицияға Лазо көшесінің бойындағы дүкеннің 32 жастағы сатушысы қоңырау шалды. Сатып алушы витринаны сындырып тастапты. Бұзақылық жасады деген күдікпен жақын маңдағы үйлердің бірінің 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

Көлік Атамбаев көшесінде жылу трассасының тұрбасына соғылды. Сарапшылар жүргізуші мас болған деген қорытынды жасады. Ал ол 2015 жылы 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.