Атырау, 2 мамыр 19:12
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Ұрылардың әккі әдістері

2 583 просмотра

Image 0Атырауда көлікжайлардан көлік дөңгелектері ұрланатын оқиғалар жиілеп кетті, деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Көптеген автоәуесқойлар қысқы дөңгелектерін жазғы түрлеріне ауыстыруға әзір. Бұған ауа райы қолайлы болып тұр. Бұл уақытта қаскөйлер көлікжайларда жиналып тұрған көлік доңғалағының тыстарын ұрлап кетіп, қара базарға сатып жібереді.

Осындай жағдайдың бірі 4 наурызға қараған түні орын алды. Белгісіз біреу Бимағанов көшесінің бойындағы үйлердің біріндегі көлікжайдың қақпасын бұзып, «Кама» маркалы төрт көлік дөңгелегін ұрлап кеткен. Қылмыс орнында саусақ таңбалары қалып қойған екен. Бұл тергеу ісіне көмектесіп, күдіктінің жеке басы тез анықталды.

Қазір Атыраудың 27 жастағы тұрғыны іздеуде жүр. Жақында жедел қызметкерлер көлікжайлардан көлік дөңгелектерін ұрлауды кәсіп қылған ұрылар тобын ұстады. Бұлар 20, 24 және 27 жастағы жас жігіттер. Олар анағұрлым ұқыпты әрекет еткен: көлікжай қабырғаларының кірпіштерін бір-бірлеп бұзып, ішке кірген. Ұрылар тобының есебінде өткен жылдың желтоқсанынан бастап биылғы ақпанға дейін қала орталығы мен Привокзальныйда жасалған бірнеше ұрлық оқиғасы тіркелген. Тергеу жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.