Атырау, 5 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Араққа ақша табу үшін қарияны тұрбамен соғып өлтірді

2 452 рет қаралды

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зейнеткердің өліміне қатысты іс қаралды.

Бұл оқиға өткен жылдың маусымында Махамбет поселкесінде орын алған болатын. Жергілікті тұрғындар 35 жастағы К.В. мен 47 жастағы Е.Х. көшеде арақ ішкен. Ішімдіктері біткенде, оны сатып алатын ақшалары болмаған. Сол кезде олар көрші үйде тұратын жалғызбасты зейнеткерді тонауды ұйғарады.

Металл тұрбамен қаруланған К. В. аулаға кіріп, есікті соғады. Қария есік ашқан кезде, әлгі ләм деместен, бейшара қарияны құлатып, басынан тұрбамен ұра бастайды. Алынған зақымнан қария сол жерде көз жұмады. Содан кейін К.В. үйді тінтіп, 100 мың теңге, банкомат кәртішкесін тауып алып, оқиға орнынан табанын жалтыратады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, К.В. қатаң режимдегі колониядағы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Оның бөтелкелесі жасалған қылмыс туралы хабарламағаны үшін жалпы режимдегі колонияда үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қаңтар 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.