Атырау, 7 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Барымташыларды қолға түсірді

1 840 просмотра

Үш күндік «Соғым» операциясы-ның барысында полицейлер 13 мал ұрлау қылмысын ашты.

– Исатай АІІБ қызметкерлері Аққыстау поселкесінен қой ұрлаған Тұщықұдық ауылының тұрғынын ұстады. Ал Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері «Тума» мал базарынан 4 қой ұрлады деп күдіктелген қала тұрғынын және өткен жылдың қарашасында Сарыөзек тұрғынының қойын ұрлаған Махамбет ауданының тұрғынын ұстады, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

№2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қарашада Қайыршақты ауылының Итбалық учаскесінен 11 қой ұрлаған қылмыскерді анықтады. Ол 31 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, осы жерден әлденеше рет ұсақ жандықтар ұрлап, базарға сатып жүрген. Одан 6 қой тәркіленіп алынды. Индер АІІБ қызметкерлері Индер ауданы Есбол ауылының тұрғынынан 2 қой ұрлады деп күдіктелген Атыраудың 34 жастағы тұрғынын ұстады. Мақаттан өткен жылдың мамырында ауылдасының қозысын ұрлаған 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ал Махамбет ауданында 56 жастағы жергілікті тұрғын Есмахан учаскесінен қой ұрлауға әрекет жасаған. Ұсталушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.