Атырау, 5 желтоқсан 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Үй иелері ұйқыға кеткенде ұрлыққа түскен

3 677 рет қаралды

ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деп күдіктелген бір топ Атырау тұрғынын ұстады.     

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 20-21 жастағы жігіттер өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы жылдың наурызы аралығында жиырма шақты пәтер ұрлығын жасаған. Ұрлықтың тең жартысы үй иелері ұйықтап жатқанда орын алған. Пәтер тонаушылар үйге желкөзді итеріп кіріп, қолдарына түскен заттың бәрін – тондарды, ақшаларды, зергерлік бұйымдарды, электрониканы және т.б. қолды қылған. Олар ұрланған заттардың бір бөлігін сатып та үлгерген.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, ұсталушылардың басқа қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз 2017, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.