Атырау, 17 мамыр 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

3 067 просмотра


ҚІІБ-не «Байзар» супермаркеті әкімшілігінен арыз түсті: дүкенде 40 мың теңге сомада «Орбит» пен «Дирол» сағыздарының жетіспейтіндігі анықталған. Тергеу жүргізілуде.

***

Махамбет көшесінің бойындағы №118 «г» үйдің тұрғыны полицияға үйіндегі бөлмені жалға алатын ер адамның оны пышақпен қорқытып, содан соң қашып кеткенін хабарлады. Бұзақының жеке басы анықталды. Қала маңындағы Холодильник ауылының 22 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Достық көшесінің бойындағы дүкеннің сатушысы ҚІІБ-не 10 маусымда сағат 20.30-да өзін салық қызметінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс ер адамның одан 10 мың теңге түсімді алып кеткендігіне шағымданды. Тергеу жүргізілуде.

***

Атырау-Дамбы трассасында қала маңындағы Жаңаталап ауылының 33 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада-Приора» көлігі ұсталды. Оның жүксалғышында 278 келі сазан болған. Жүргізуші балықты жағалаудан өзіне бейтаныс тұрғалардан сатып алғанын мәлімдеді. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға М.Горький көшесінің 20 жастағы тұрғыны шағымданды: 11 маусымға қараған түні оның үйінің ауласынан хаски тұқымды жарым жастағы күшік ұрланып кеткен. Зиян 70 мың теңгеге бағаланды.

***

Полицияға 32 жастағы ер адам хабарласты: 11 маусымда Ақ депода тұратын 26 жастағы әйел адам Привокзальныйда орналасқан оның дүкеніне еркін кіріп, құны 71 мың теңге тұратын тоңазытқыш камерасын ұрлаған. Тергеу жүргізілуде.

14 маусым 2017, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.