Атырау, 25 желтоқсан 02:39
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Атырау тергеу абақтысында болған бүліктен бір жыл өткен соң Атырауда

Атырау тергеу абақтысында болған бүліктен бір жыл өткен соң

Бір жыл бұрын Атырау қаласындағы УГ 157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде бүлік шығып, ол жерде қарапайым тұрмыс жағдайы жоқ екені анықталды. Осы уақыт ішінде түрмеде не өзгерді? 4 маусым 2021, 13:01 4 735 рет қаралды
Шекарашылар елге кіру және шығу тәртібін түсіндірді Атырауда

Шекарашылар елге кіру және шығу тәртібін түсіндірді

Жазғы демалыста көші-қон мәселесі өзекті болады. Ресей қазақстандықтар Ресейге бара алуы үшін жақын туыстарының тізімін кеңейтті. Қазақстанда тиісті тізім әзірге аз - ерлі-зайыптылар, ата-анасы мен балалары; «бірақ осыған қатысты жұмыс істеп жатырмыз» деп сендірді шекарашылар онлайн-конференция кезінде. 1 маусым 2021, 11:38 3 687 рет қаралды
Өлке тарихы: Банды Құныскерей Атырауда

Өлке тарихы: Банды Құныскерей

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «AЖ не туралы жазды» айдарында «Банды Құныскерей» туралы материалды жариялаймыз. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында Кеңес өкіметі орнаған кезде Кіші жүзде жаңа тәртіп пен ұжымдастыруға ашық қарсы шыққан батырдың пайда болғанын біреу білсе, біреу білмес. Сурет 31 мамыр 2021, 14:47 6 324 рет қаралды
Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды Атырауда

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің денесі табылды

"29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды"- деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 29 мамыр 2021, 12:06 3 098 рет қаралды
Жоғалған туристердің үшеуі Түркістан облысының тауларынан аман-сау табылды Атырауда

Жоғалған туристердің үшеуі Түркістан облысының тауларынан аман-сау табылды

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған жеті жігіттің үшеуін тапты, деп хабарлады жұмада журналистерге республиканың ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бейнежазба 28 мамыр 2021, 13:25 3 861 рет қаралды
Түркістан облысының тауларында Назарбаев Университетінің студенттері, оның ішінде Атырау қаласының тұрғыны жоғалып кетті Атырауда

Түркістан облысының тауларында Назарбаев Университетінің студенттері, оның ішінде Атырау қаласының тұрғыны жоғалып кетті

26 мамырда кешке Назарбаев Университетінің жоғалып кеткен 22 жастағы студенті Наурызбай НҰРДӘУЛЕТТІҢ туыстары «AЖ»-ға хабарласты. Олардың айтуынша, 3-курсты бітіргеннен кейін ол Нұр-Сұлтаннан Атыраудағы үйіне келген. Ал 19 мамырда группаластарымен бірге Шымкентке, әрі қарай төрт күнге Түркістан облысының тауларына бармақ болған. Ол жақтан 24 мамырда кері келуді жоспарлаған. Бірақ әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Сурет 27 мамыр 2021, 14:27 4 575 рет қаралды
Боқаев және фермерлер - жер туралы Атырауда

Боқаев және фермерлер - жер туралы

Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға жарияланған мораторий тағы бес жылға ұзартылды. Дәлірек айтсақ, Қазақстан азаматтары тек жалға алады, ал шетелдіктерге жалға берілмейді немесе сатылмайды. Жақында жер реформасы жөніндегі комиссия осындай шешім қабылдады. Осымен бұл проблема толықтай шешілді ме? Осы сауалды «AЖ» тақырыпқа тікелей қатысты бірнеше адамға қойған еді. 14 мамыр 2021, 17:42 1 926 рет қаралды
«Ақ Жайық» 1996-99 жылдары не туралы жазды «АЖ» не туралы жазды

«Ақ Жайық» 1996-99 жылдары не туралы жазды

Біз газетіміздің 30 жылдығына арналған материалдар негізінде Атырау шежіресін жалғастырамыз. Коронавирус инфекциясы аясында тұмау енді қорқынышты көрінбейді. Ал 1996 жылы қаланы  тұмау эпидемиясы жайлады. Эпидемия шегі 25%-дан асты. Аурудың 70%-дан астамы балалардың еншісінде болды, тіпті өлім-жітім де тіркелді. 13 мамыр 2021, 13:35 6 235 рет қаралды
Ретро-саябақ: гастарбайтерлер жетіспейді Атырауда

Ретро-саябақ: гастарбайтерлер жетіспейді

Осыдан төрт жыл бұрын Атырауда «Ретро-саябақ» ашылғанда, баршасы өзеннің жанындағы бұл учаскенің міндетті түрде жасыл оазиске айналатынына сенімді болды. Бірақ төрт жыл өтсе де қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналған саябақта әлі күнге дейін гүлденген ағаштар мен әдемі гүлдер аллеясы жоқ. Жасыл желектер көбірек болса және дәретхана орнатылса деген тұрғындардың өтініші бар. Сурет Бейнежазба 11 мамыр 2021, 10:57 3 537 рет қаралды
Жеңіс күні қалай атап өтіледі Қоғам

Жеңіс күні қалай атап өтіледі

Атырау қаласында биыл Жеңіс күні 9 мамырда Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою шарасымен атап өтіледі деп жоспарлануда (Былтыр осы күні саябақ жабық болды). Алайда алдағы үш күнде өңіріміз сары аймақтан қызыл аймаққа өтіп кетпесе ғана. 5 мамыр 2021, 17:30 5 751 рет қаралды
Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін Атырауда

Қызғалдақ көрсең - үзіп алма. Ол "Қызыл кітапқа" енгізілген болуы мүмкін

Жақында Қазақстан полициясының сайты Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген алты дана қызғалдақ үзіп алған ер адамның ұсталғанын және ҚР ҚК 339-бабы бойынша («Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») оған 8 млн 751 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы, тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екенін хабарлады. Алты қызғалдақ үшін сонша жазалай ма?! – деп сұрайтын шығарсыз. "Иә, осындай", - деп растады Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясындағылар. Сурет 26 сәуір 2021, 17:42 5 648 рет қаралды
Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады Атырауда

Теңіздің жолында вахташыларды әкеле жатқан автобус жол апатына ұшырады

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейін түсірілген бейнежазба тарады: автобус пен үстінде ассенизаторы бар «КамАЗ» көлігі жолдын екі жағына шығып кеткен. Бейнежазба 23 сәуір 2021, 17:58 4 515 рет қаралды
Әкемнің жазбаларынан... Атырауда

Әкемнің жазбаларынан...

Әкеміз, марқұм Рахметжан Тұржігітұлы Мұқашев Атырау өңірінің еңбек, соғыс ардагерлеріне, олардың ұрпақтарына да белгілі, баспасөз бетіндегі өлке тарихына, тұлғаларға қатысты мақала –пікірлерлерді қалт жібермей оқып, жазып алатын, көп оқитын, құлағы түрік шежіреші жан еді. Ұлы Отан соғысында саяси ұйымдастырушы, одан кейін кеңес, партия, құқық қорғау мекемелерінде басшылық қызметтер атқара жүріп, қарапайым да, кішіпейіл қалпында ағайын-туыс, дос-жолдастарға қамқорлығын көрсете жүрді. Еңбек жолының соңғы он жылында Облыстық кітап саудасы басқармасын он жылдай басқарды. Зейнетке шыққаннан кейін жас кезінде есінде қалған, көзі көрген қариялардан, ауыл ақсақалдарынан, өз құрдастарынан естіп көрген деректерді қағаз бетіне түсірумен айналысты. 21 сәуір 2021, 14:11 4 133 рет қаралды
«Компаньоннан» «Ақ Жайыққа» дейін: 90-жылдардың алғашқы жартыжылдығынд не туралы жаздық «АЖ» не туралы жазды

«Компаньоннан» «Ақ Жайыққа» дейін: 90-жылдардың алғашқы жартыжылдығынд не туралы жаздық

Біздің газет 1991 жылы наурызда жарық көрді, ол кезде «Компаньон» деп аталды. Тамыз бүлігіне дейін оның бас редакторы әрі тілшісі, газеттің негізін қалаған Әбділда МҰҚАШЕВ болатын. Бастапқыда газет жүйесіз шығарылды, мұны 91-жылдың толыққанды газет тігіндісінің жоқтығынан байқауға болады. Содан кейін Әбділда Мұқашевқа Сабыр ҚАЙЫРХАНОВ пен Михаил ПАЛИЧЕВ қосылды. 1992 жылдың қаңтарынан бастап басылым апта сайын шыға бастады, содан кейін бірде бір рет үзіліс болған жоқ. Бүгін газетіміз өткен 30 жыл ішінде не туралы жазғаны жайында шолу топтамасын бастаймыз. 20 сәуір 2021, 03:32 6 193 рет қаралды
Атырау облысының бас имамы: «Садақада ұзақ сөйлеу шариғатта жоқ» Атырауда

Атырау облысының бас имамы: «Садақада ұзақ сөйлеу шариғатта жоқ»

Елімізде садақаға арналған ас мәзірінің бекітілгеніне жылға жуық уақыт өтсе де ережеге бағынып, 7 түрлі тағаммен садақа өткізген тұрғынды өзім кездестірмедім. Садақаға арналған ас мәзірін мұнайлы астананың тұрғындары қалай қабылдады және өзге де сұрақтар жөнінде Атырау облысының бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ әңгімелеп берді. 7 сәуір 2021, 17:39 6 121 рет қаралды
Таңдайлық мұғалімнің ісі: «Осындай адамның балаларымызға тәлім-тәрбие беруіне қарсымыз» Атырауда

Таңдайлық мұғалімнің ісі: «Осындай адамның балаларымызға тәлім-тәрбие беруіне қарсымыз»

Полиция департаменті Махамбет ауданы Таңдай ауылында қайтыс болғаннағашысының мүрдесін сарайында ұзақ уақыт жасырын сақтаған мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қысқартылды деп хабарлады. Ал мектеп оқушыларының ата-анасы сол мұғалімнің мектепке келіп жұмысын жалғастыруына қарсылық танытып отыр.      6 сәуір 2021, 09:49 3 471 рет қаралды
Масаға қарсы майдан басталды Атырауда

Масаға қарсы майдан басталды

Атырауда сегізінші жыл қатарынан «AG Disinfection Services» ЖШС масаларды дәрілеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жұмыс сапасы қала тұрғындарының көңілінен шықпайды, жазда масалар адамның берекетін алып, зықысын шығарады. «AG Disinfection Services» қызметкерлері мұны қансорғыштардың жаңа препараттарға тез үйреніп кететіндігімен түсіндіреді. 2 сәуір 2021, 11:42 2 884 рет қаралды
Атырауда 19 мен 26 наурыз аралығында өтетін мәдени шаралар Атырауда

Атырауда 19 мен 26 наурыз аралығында өтетін мәдени шаралар

Махамбет атындағы академиялық драма театры 19 наурыз – М. Әуезов «Айман-Шолпан» комедия. Басталуы сағат 19:00. 26 наурыз – Б. Зинуллин «Ата мектебі» қуыршақ ертегі. Басталуы сағат 11:00. 18 наурыз 2021, 13:30 2 147 рет қаралды
​Атырау экологиясы: жол картасы қалай жүзеге асып жатыр? Атырауда

​Атырау экологиясы: жол картасы қалай жүзеге асып жатыр?

Атырау облысының экологиялық мәселелерін шешуге арналған жол картасының орындалу барысы туралы облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ әңгімелеп берді. 10 наурыз 2021, 10:41 3 444 рет қаралды
Атыраудағы митинг: құлақ түбіндегі дауыс зорайтқыш және «жаңа тілшілер» Атырауда

Атыраудағы митинг: құлақ түбіндегі дауыс зорайтқыш және «жаңа тілшілер»

Бүгін, 7 наурызда сағат 12-де 30 шақты адам Атыраудағы Исатай мен Махамбет орталық алаңына жиналды. Олардың тек оны ғана Макс Боқаев бастаған белсенділер, қалғандары - "штаттық" киімдегі адамдар мен бейнекамералары бар сары жилет киген бізге бейтаныс «бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері». Сурет Бейнежазба 7 наурыз 2021, 23:32 4 801 рет қаралды
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Дәрігерлер кейде қателеседі, бастысы - мұны жасырмау керек» Атырауда

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Дәрігерлер кейде қателеседі, бастысы - мұны жасырмау керек»

Медицина - бұл облыстағы көп уақыттан бері қордаланып қалған мәселелері бар күрделі салалардың бірі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен міндетті түрде сұхбаттасу керек еді. Бұқаралық ақпарат құралдары ресми тағайындаулар туралы жариялап үлгерместен, басшылар ауысып кетеді.  СЭС қызметінде басшылар тез ауысты. Асхан БАЙДУӘЛИЕВ бұл қызметте өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істейді, қазіргі өлшем бойынша ұзағырақ жұмыс атқарған басшы. Төменде осы басшыдан алған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. Бейнежазба 2 наурыз 2021, 15:07 3 782 рет қаралды
​Атырауда 26 ақпан және 4 наурыз аралығында өтетін мәдени шаралар Атырауда

​Атырауда 26 ақпан және 4 наурыз аралығында өтетін мәдени шаралар

Махамбет атындағы академиялық драма театры 26 ақпан – Г. Хугаевтың «Андро & Сандро» комедиясы. Басталуы сағат 19:00. 2-3 наурыз – Ә. Дәулетбаева «Толқындар жағада өледі...» тұсаукесер, үлкендерге арналған ертегі. Басталуы 19.00. 26 ақпан 2021, 15:32 2 662 рет қаралды