Атырау, 23 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Теңізде жарты сағаттан астам ауаға ластаушы заттар шығарылды – Экология министрлігі

3 170 рет қаралды

Теңіз кенішіндегі жағдайға қатысты Экология министрлігі комментарий берді.

«7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.

«Теңізшевройл» ЖШС-мен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады. Себебі анықталып, компанияның жауапкершілігі қаралады», - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

8 сәуір 2021, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.