Атырау, 11 қазан 19:24
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Түркістан облысының тауларында Назарбаев Университетінің студенттері, оның ішінде Атырау қаласының тұрғыны жоғалып кетті

Сурет
4 376 просмотра
Курстастар оралдық Диас Төлегенов (сол жақта) пен Нұрдәулет Наурызбай 

26 мамырда кешке Назарбаев Университетінің жоғалып кеткен 22 жастағы студенті Наурызбай НҰРДӘУЛЕТТІҢ туыстары «AЖ»-ға хабарласты. Олардың айтуынша, 3-курсты бітіргеннен кейін ол Нұр-Сұлтаннан Атыраудағы үйіне келген. Ал 19 мамырда группаластарымен бірге Шымкентке, әрі қарай төрт күнге Түркістан облысының тауларына бармақ болған. Ол жақтан 24 мамырда кері келуді жоспарлаған. Бірақ әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ.

Нұрдәулет Наурызбай

Баласы үшін алаңдаған Наурызбайдың анасы полицияға жоғалғаны туралы әлі арыз бермегенін айтады. Өйткені 26 мамырда кешке, бұл туралы Түркістан облысындағы жоғалған балалардың бірінің ағасы хабарлағанда білген.

- Олар Мыңжылқы шатқалына бармақ болған. Тәжірибелі альпинистер жігіттер таңдаған маршрутты бастапқыда жоспарлағандай 4 күн емес, 6-7 күн бағалайды дейді. Олар табылады деп үміттенемін, - дейді Наурызбайдың анасы. - WhatsApp-та топ құрылды, онда балалардың ата-аналары мен университет әкімшілігі, сонымен қатар ТЖМ өкілі іздеу барысы туралы бізге хабарлайды. Әзірге нәтиже жоқ. «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен шығу ауа-райының нашарлауына байланысты мүмкін емес (тұман, найзағай туралы ескерту, нашар көрінуі). Бірақ мүмкіндік болған бойда шығуға уәде беріп отыр. Ұлдарымыз үшін дұға етеміз...

Диас Төлегенов

ТЖМ өкілдері туыстарына «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында 26 мамыр таңертеңнен бастап ТЖД құтқарушылары, ұлттық парк қызметкерлері, шекарашылар мен полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

7 адам жоғалып кетті. Олар Назарбаев Университетінің студенттері - А.Тоқтасын, А.Хайруллин, Н.Наурызбай, С.Өскенов, Б.Төлеуов және Д.Төлегенов, сондай-ақ Кентау «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 17 жастағы түлегі Қ.Тоқтасын.

«AЖ» ақпараты бойынша, ұлттық парктің қызметкері іздеушілерге 21 мамырда таңертеңгі сағат 8-де бұл топтың саябақтың бақылау-өткізу пунктінде тіркеуден өткенін, олар бағыттары Сары-Айғыр шатқалы, Юбилейный шыңы, Сусынген көлі және Науытсай шатқалы екенін, 24 мамырда кері оралатындарын айтқанын хабарлады.

Туыстарына 26 мамырда сағат 20:00-дегі ахуал бойынша таулы аймақта қар мен жаңбыр жауып жатқанын, іздеу тобы қазір Мыңжылқы шатқалына түскенін хабарлаған.

... Жігіттер туралы жақсы хабар күтеміз. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты маршруттарын өзгертіп, адасып қалды, бірақ аман-есен деп сенгіміз келеді.

Айнұр САПАРОВА

Жоғалған жігіттердің суреттері

27 мамыр 2021, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.