Атырау, 11 қазан 17:29
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Шекарашылар елге кіру және шығу тәртібін түсіндірді

3 473 просмотра

Жазғы демалыста көші-қон мәселесі өзекті болады. Қазақстандықтар Ресейге бара алуы үшін Ресей жақын туыстарының тізімін кеңейтті. Қазақстанда тиісті тізім әзірге аз - ерлі-зайыптылар, ата-анасы мен балалары; «бірақ осыған қатысты жұмыс істеп жатырмыз» деп сендірді шекарашылар онлайн-конференция кезінде.

Конференцияның басым бөлігі сұрақтар мен жауаптардан тұрды.

- 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, Қазақстанға келетін бүкіл азаматтардың 3 тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ПТР тестіден өткендігі туралы анықтамасы болуы керек. Анықтама шекарадан өткенге дейін 3 күн бұрын берілуі тиіс. Немесе азамат вакцинаның екі компоненті де ектірілгені туралы белгісі бар егу паспортын ұсынуы керек. Дене қызуы жоғары жолаушылар, егу паспорты мен ПТР анықтамасының болуына қарамастан, оқшаулауға жіберіледі, - дейді Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік пункттерінің басшысы Дарья АЗИМБАЕВА.

ҚР Шекара қызметінің өкілі Мұндаш МУЛЛАШЕВ ҚР аумағына кімнің кіруге құқығы бар және біздің елге келу механизмі қандай екені туралы айтты. Біздің аумаққа кіру 101 өткізу бекетінде жүзеге асырылады, оның ішінде 51 автомобиль, 19 авиация және 9 теңіз арқылы өткізу бекеті бар. Қазір 54 ел үшін біржақты визасыз режим тоқтатылды.

Визасыз режим 15 елдің (Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия және басқалары) азаматы үшін қолданыста. Қазір Қазақстан Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Беларусь, Германия, Нидерланды, Египет, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Шри-Ланка және Черногориямен әуе рейстерін қайта жандандырды.

Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін шетелдіктер үшін біздің шекарадан өтуге шектеу қойылған. Бірақ 20 тармақтан тұратын ерекшелік бар. Адамдардың көбіне олардың 5-уі қатысты болады.

Бұл отбасы мүшелері мен жақын туыстарын, оның ішінде аға-іні, апа-сіңлі-қарындастарын, ата-әжелері мен немерелерін жерлеуге келетіндер; ауыр сырқаты туралы емдеу мекемесің растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқас отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына күтім жасау үшін баратындар; ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) - бірақ 30 күнде бір реттен көп емес; Қазақстан азаматтарын отбасылық байланысы бар екені расталған жағдайда (бірақ 30 күнде 1 реттен артық емес), жұбайлары, ата-аналары мен балалары - басқа елдің азаматтары бара алады; біздің елдің аумағындағы оқу орындарында оқитын және ҚР аумағына оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-картасын рәсімдеу, емтихан (тесті) тапсыру үшін кіретін шетелдік студенттер - оқу орнынан шақырту болған жағдайда. Кәмелетке толмаған оқушылардың ата-анасы еріп жүруіне болады.

Біздің азаматтар көрсетілген 15 елге шыға алады. Біріншіден, емделуге - денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттары көрсетілген кезде: нотариалды куәландырылған аудармасы бар 026/у формасындағы қорытынды және медициналық ұйымның шақыру хаты. Екіншіден, растайтын құжаттар болған жағдайда отбасы мүшелері мен жақын туыстарын – жұбайларын, ата-анасын, балаларын, ата-анасы бір немесе бөлек ағалы-інілерін, апалы-сіңлілерін, ата-әжелері мен немерелерін жерлеуге. Үшіншіден, ауыр сырқаты туралы емдеу мекемесінің растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарына күтім жасау үшін. Төртіншіден, оқуға. Бесіншіден, жұмыс үшін - еңбек шарты, келісім-шарт, жұмыс жасауға рұқсат немесе басқа растайтын құжаттар, сондай-ақ көрсетілген мақсат үшін шет елге кіруге рұқсат берілген кезде. Қазақстандықтар, ресейліктер және басқа елдің тұрғындары біздің елдің шекарасынан құрлық көлігімен немесе көбіне әуе көлігімен айына бір рет өте алады.

- Мен Ресей азаматымын, Қазақстандағы ата-анама барғым келеді, өзіммен бірге балаларым мен әйелімді бірге алып жүре аламын ба? Кіру үшін қандай құжат қажет? - деп сұрақ қойды Шекара қызметінің өкіліне.

- Сіз ата-анаңызға бара аласыз, балаларыңыз да тікелей туысы ретінде келе алады, ал сіздің жұбайыңыз жүргізуші болып, сол арқылы Қазақстанға тасымалдаушы ретінде кіре алады. Растау үшін ата-анаңыздың куәліктерінің көшірмесі және ата-анаңыз көрсетілген сіздің туу туралы куәлігіңіз қажет.

- Ресей азаматтары Қазақстанға ішкі паспортпен, ал балалары туу туралы куәліктерімен кіре ала ма?

- Біздің елдер арасындағы келісімге сәйкес, ресейліктер Қазақстанға ішкі паспортпен, ал кәмелетке толмаған балалар - туу туралы куәліктермен кіре алады.

- Мен РФ азаматымын, маған Ресейге барып, балаларымды сол жаққа апарып, Қазақстанға күйеуіме келуім керек, ол ҚР азаматы. Мұны 1 ай ішінде жасауға бола ма?

- Егер құрлық көлігімен барсаңыз, онда Ресейде 30 күн болып, осы уақыт өткен соң Қазақстанға оралуыңыз керек. Егер ұшақпен барсаңыз, мұны жиі жасай аласыз.

- Маған Қырғызстаннан бір апайым қонаққа келе алады ма?

- Апайыңыз жақын туыс болмағандықтан, ол тек Қазақстан шекарасынан құрлық көлігімен өте алады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 маусым 2021, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.