Атырау, 21 желтоқсан 11:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Өмір бойына жалға беріледі Сұрақ-жауап

Өмір бойына жалға беріледі

«Нұрлы жер» бағдарламасы туралы нақтылағым келеді. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер жалдау шартымен халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Ол қанша уақытқа беріледі? Мен өлгеннен кейін бұл пәтер не болады? Менің балаларыма қала ма және қандай шартпен? 28 тамыз 2019, 20:14 10 445 рет қаралды
Есептегіштің мерзімі өтсе... Сұрақ-жауап

Есептегіштің мерзімі өтсе...

Кеше пәтерлердегі ыстық су есептегіштерін тексеретін «Атырау Жарық» бақылаушысы келіп, үйдегі ыстық су есептегішінің жай-күйін тексеру керек немесе оларды ауыстыру керек дейді. Бірақ ескі есептегіштер жақсы жұмыс істеп, көрсеткіштерді дұрыс есептеп тұр. Мынадай сұрағым бар: егер жақсы жұмыс істеп тұрса, «Атырау Жарық» бақылаушысының есептегішті ауыстыруды талап етуге құқығы бар ма және оны ауыстыру қажет пе? 28 тамыз 2019, 20:00 12 639 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кепілзат міндетті

Менің банкте депозитім бар. Қараша айында келісімшартта келісілген соманы жинаймын, оған қоса келісілген мерзім де жақындайды. Пәтер сатып алуды жоспарлап отырған едім, бірақ оның құны банктен алатын несие мен депозитімнің мөлшерінен асып кетеді. Мысалы, менің 3 миллион жинағым бар, оған қоса сіздің банк маған 3 миллион бере алады. Ал пәтер бағасы - 19 миллион теңге. Қалған соманы құрылыс салушы 2 жыл ішінде төлеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда сіздерден несие ала аламын ба? 28 тамыз 2019, 20:11 51 987 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мәміле туыстар арасында болса

Мен банк салымшысымын. Бастапқыда пәтер алғым келді, кейін жер алуды ұйғардым. Бір туысым өзінің жерін сатып алуды ұсынған еді. Бірақ жерге уақытша мемлекеттік акт берілген. Туысым тұрақты мемлекеттік актіні жерге үй салынғаннан кейін ғана ала алады. Ал әзірге нотариус бізге алдын-ала сату-сатып алу шартын жасауды ұсынып отыр. Сату-сатып алу туралы алдын-ала жасалған осындай шарт негізінде маған несие беріле ме? Туысқаным осы жерден үй сал дейді. Ол үйді өз атына тіркеп, содан кейін оны маған ресми түрде сатпақшы. Егер менің әзірге жер телімім болмаса, үй салу үшін несие ала аламын ба? 28 тамыз 2019, 20:12 10 906 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әзірге «Газельдер» жүре береді

№57 маршрут «Дина» базарынан Дамбы ауылына дейін қатынайтын ең ұзақ маршрутың бірі. Ми қайнатар ыстықтарда салқындатқышсыз, ескі автобуста сағаттап отыру жолаушыларға қиынға соғады. Бұл маршрутқа жаңа автобустар беріле ме? 17 шілде 2019, 18:30 11 805 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қарғыбауы болса да, қожайынсыз жүрген ит – қаңғыбас

Заңды тіркелген құжаты бар асыл тұқымды итімді жақында ит атушылар мектептің ауласынан атып кеткен. Мойнында қарғыбауы бар итті атар кезде алдымен ескерту жасауы керек емес пе? 17 қаңтар 2019, 00:00 15 211 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Күндізгі шу да шектеулі болуы тиіс

- Көршілеріміз екі аптадан бері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс күндері тасыр-тұсыр еткен дыбысқа шыдап бағамыз-ау, ал демалыс күндері көрші пәтерден шығатын дыбыстарға шыдау мүмкін емес. Тіпті, біз ұйықтап жатқанда жұмысарын таңғы сағат 8, 9-дан бастайды. Тыныштық сақтау ережелері бар ма? 8 тамыз 2018, 18:45 18 105 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Оқушылар тегін жүреді

№20 автобустағы (Газель) кондуктор сабақтан үйге келе жатқан үш оқушыны сөмкесіндегі кітаптарға, анықтама қағазына да қарамастан келесі аялдамадан түсуін талап еткен. Себебін сұрағанда, «заң бойынша Газельге тек бір оқушыдан мінгіземіз» дегенді айтқан. Ал №11 маршрутқа оқушыларды мүлдем мінгізбейді екен. Бұл қаншалықты заңды? 15 наурыз 2018, 00:00 13 024 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Оқушылар тегін жүреді

№20 автобустағы (газель) кондуктор сабақтан үйге келе жатқан үш оқушыны сөмкесіндегі кітаптарға, анықтама қағазына да қарамастан келесі аялдамадан түсуін талап еткен. Себебін сұрағанда, «заң бойынша газельге тек 1 оқушыдан мінгіземіз» дегенді айтқан. Ал №11 маршрутқа оқушыларды мүлдет мінгізбейді екен. Бұл қаншалықты заңды? 1 наурыз 2018, 00:00 13 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Жер төлемақысы​

– Жақында салық қызметінен 11 884 теңге төлеуге тиіс екендігім туралы хабарлама алдым. Жаңа заң бойынша мүлік салығын келесі жылы төлеуге болатынын білетіндіктен, не үшін мұндай сома төлейтінімді анықтау үшін барған едім. Салық қызметіндегілер мұның 2015 жылы алған жер телімімді уақытша пайдалану төлемақысы екенін түсіндірді. Алайда, уақытша пайдалану туралы келісімшартта 200 теңгедегі сома белгіленген. «Неліктен мұндай сома айырмашылығы шығып тұр?» деген сұрағыма: «жер комитеті есептегенде қателескен» деп түсіндірді. Нәтижесінде 2100 теңге мөлшерінде өсім есептеп берді. Жер телімін пайдаланғаны үшін төленетін салықтың нақты мөлшерлемесі қандай? 11 қаңтар 2018, 00:00 14 143 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жарық тендерден соң беріледі

– 2012-2013 жылдары М. Қазірет (бұрынғы Маркс) көшесіне шамдар орнатылды. Бірақ оларға әлі күнге дейін жарық қосылмаған. Атырау қалалық әкімдігі өтінішімді қарап шыққаннан соң: нысанды салушы - «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС жосықсыз мердігер деп танылып, банкрот боп жарияланғанын, осы себепті іске қосу-реттеу жұмыстары мерзімінде аяқталмағанын, тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі сотқа талап арыз беріп, тек содан кейін нысанның пайдалануға қабылданғанын хабарлады. Содан бері қарай 4 ай уақыт өтті, бәлкім, сот ақырғы шешім шығарып, қандай компанияның жұмысты аяқтайтыны және көшемізге қашан жарық берілетіні белгілі болған шығар. 20 желтоқсан 2017, 18:35 13 384 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аналарға тамақ тиесілі емес

- Неліктен жұқпалы аурулар ауруханасында тек бала емізетін әйелдер ғана тамақтандырылады? Онда да тамақ жартымсыз беріледі. Үш жасқа дейінгі балаларымен бірге жататын басқа аналарға ешқандай тамақ берілмейді. Ал егер шұғыл ауылдан жеткізілген балалы ана болса, қалада оған тамақ әкелетін ешкім жоқ қой? 23 қараша 2017, 00:00 12 628 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қазандықты қарау актке қол қою емес

- РЦКУ шағын және орта бизнесті қазандықты техникалық тексеру үшін ақы төлеуге міндеттейді. Факт бойынша ешқандай техникалық тергеу жоқ, маман тек әшейін келіп-кетеді. Арнайы заманауи құрылғысы бар инспектор келеді деп ойласаң, шындығында сырттай көзбен қарап шығады да, «Бәрі жақсы» дей салады. Бизнес үшін осы пайдасыз жүктемені алып тастауға бола ма? 2 қараша 2017, 00:00 6 789 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Слесарь жетпейді

Биылғы мамырдың басында тұтыну нүктелерін (қазандық, т.б.) техникалық қарауға өтініш берген едім. Сол аптада қызметкер жіберуге уәде берген-ді. Бірнеше рет телефон соқтым, қызметкердің еңбек демалысында екенін айтты (Еркінқала-2-ге қызмет көрсететін). Ауылдық округтерде тексеру бойынша топтар ұйымдастыруға болмай ма? 2 қараша 2017, 00:00 6 095 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Төлем қағазынан бұрын

Төлем қағазына қалдықтарды жинау үшін үшін төлемді неге қосқан? Бланкте басқаша жазады, Ал, Арнайыавтобаза басқа соманы көрсетеді. Мен ай сайын Арнайыавтобазаның кеңсесіне төлем жүргіземін, ал, РЦКУ бланкасы бойынша мен қалдық үшін тағы төлеуім керек пе? Түсіндіріп беріңізші, әйтпесе, түсіне алмай жүрмін. 2 қараша 2017, 00:00 5 888 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қауіпсіздік бағасы

Қазір газдан улану оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты газ жабдықтарын техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр дейді. Бұл үшін әр нүкте үшін 1 000 теңге төлем алады екен. Күзде 800 теңге еді. Бұл сонда бақылаушы үйдегі газ қазандықтарын санап, олар дұрыс орнатылған ба, жоқ па, тексеріп, акт жасап, 1 жылға шарт рәсімдеп, өз жұмысын атқарғаны үшін алынатын төлем бе?  12 қазан 2017, 00:00 3 338 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жазалаушы айыпұл

– Көктемде бізге «ҚазГазАймақ» бақылаушылары келіп, газ үшін төлем талап ете бастады. Сол кезде бізде 2 500 теңгедей жиналып қалған еді. Мен үйде бір өзім баламен отырған едім, қолма-қол ақшам болмады, бақылаушылар құбырды қағазбен орап: «Қалай төлейсіз, солай пломбасын ала аласыз» деп, пломбалап тастады. Мен екі рет сұрадым, олар жауаптарын қайталады. 28 қыркүйек 2017, 00:00 3 157 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шарт жасалуы керек

Біз міндетті түрде қызмет көрсету шартын жасау керектігіміз туралы хабарлама алдық. Газ плитасына қызмет көрсетуден басқа, не үшін және неге қызмет көрсетеді деген сұраққа жартымды жауап ала алмадық. Оны жасау қажеттігінің мәнісін түсіндіріп берсеңіздер. Газ плитасына қызмет көрсетуге не жатады? Және шартқа қол қоюдан бас тартсақ не болады? 28 қыркүйек 2017, 00:00 3 823 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сирек жүретін маршрут

– Біздің Нұрсая ықшамауданы қарқынды дамуда. Бұл жерде бюджет саласы қызметкерлерінің көпшілігі тұрады және бәріміз де Атырау қаласының әр жерінде жұмыс жасаймыз. Балаларымыз Авангард ықшамауданындағы, Сәтпаев даңғылы бойындағы және т.б. мектептерде оқиды. 1 қыркүйекте техникалық гимназияның жаңа ғимараты ашылды, онда да қаланың түрлі нүктесінде тұратын балалар оқиды. Ауданымыздан күн сайын таңертең көлікпен шығып, кері қайту қиынға түседі. Баламды енді маршрутпен мектепке жіберуді жоспарлап отырмын. 21 қыркүйек 2017, 00:00 3 461 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жер кімдікі болса, асфальтты сол салады

– Біз «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінің ауласындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойынша Атырау ТКШ бөліміне алғаш рет 2016 жылдың 6 қазанында жүгінген едік. Жауап хат биылғы жылдың наурызында келді. Онда шұңқырларды жөндеу жұмыстары 2017 жылғы жол жұмыстарының жоспарына енгізілгені хабарланған. Бүгін ТКШ бөліміндегілер біздің жеке нысан екенімізді және асфальттың болмайтынын хабарлады. Ал біздің тұрғын үй массивін жол жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім не болды? 21 қыркүйек 2017, 00:00 3 218 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Қыркүйек – тексеру маусымы

– Жыл сайын қыркүйектің басында Атырау жылу жүйелері құбырларды жуып-шаю және тексеру жұмыстарын бастап, бүкіл қала бойынша ыстық суды бір аптаға ажыратып тастайды. Бұл жұмыстарды тамызда жасауға болмай ма? 17 тамыз 2017, 00:00 3 532 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Светланаға» назар аударсаңыз

Біз Орталық ықшамауданы №3 үйдің тұрғындарымыз. Көп жыл бұрын үйіміз апатты деп танылды. Үй эксперименталдық жоба бойынша салынды және жобадағы қателіктердің салдарынан бүгінде үйдің лоджиялары қисайып тұр. 2-қабатқа апаратын баспалдақ бөлігі ауладан шығарылған...  29 маусым 2017, 00:00 4 148 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бірдей көше атаулары

- Қалада Мұрат Мөңкеұлы атындағы екі көше бар: біріншісі – бұрынғы Кудряшов көшесі, екіншісі – бұрынғы Қостанай көшесі. Қаланың екі бөлігінде орналасқан көшелердің бірдей аталуы тұрғындарға кері әсерін тигізуде.  Телефон арқылы 1 маусым 2017, 00:00 5 257 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сақалға шектеу жоқ

– Қалың сақалым бар, оны өзіме үйлеседі деп есептеймін. Автомектептегілер егер сақалымды алып тастамасам, емтиханға кіргізбейтіндерін және жүргізуші куәлігін бермейтіндерін айтады. Автомектеп әкімшілігінің бұл талабы заңды ма? 25 мамыр 2017, 00:00 3 596 рет қаралды