Атырау, 25 желтоқсан 12:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Светланаға» назар аударсаңыз

3 981 просмотра

– Біз Орталық ықшамауданы №3 үйдің тұрғындарымыз. Көп жыл бұрын үйіміз апатты деп танылды. Үй эксперименталдық жоба бойынша салынды және жобадағы қателіктердің салдарынан бүгінде үйдің лоджиялары қисайып тұр. 2-қабатқа апаратын баспалдақ бөлігі ауладан шығарылған. Олар баяғыда шіріп кеткен, оларды қаңылтыр табағымен дәнекерлеуге тура келді. Бірақ бетон құрылым кез келген сәтте опырылуы мүмкін. Алайда, неге екені белгісіз, үй көшірілмейді. Күреу жоспарында да жоқ. Мұндай үлкен көппәтерлі үйді көшіру билікке өте тиімсіз екенін түсінеміз. Бірақ, қала орталығынан жер телімін алып, бізді көшіруге қаржы салуға әзір инвесторлар бар шығар? Біздің үйімізге қатысты қалалық биліктің жоспары қандай?

azh.kz сайтынан

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ жауап берді: – Қазір Атырау қаласында 62 апаттық, тозығы жеткен үйлер мен жатақхана бар. Орталық ықшамаудандағы №3 көппәтерлі тұрғын үй Атырау қаласындағы апатты тұрғын үйлер тізімінде жоқ. Тұрғын үй апатты деп танылу үшін лицензияланған ұйымның нысанды техникалық зерттеу сараптамалық қорытындысы керек.

29 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.