– Жыл сайын қыркүйектің басында Атырау жылу жүйелері құбырларды жуып-шаю және тексеру жұмыстарын бастап, бүкіл қала бойынша ыстық суды бір аптаға ажыратып тастайды. Бұл жұмыстарды тамызда жасауға болмай ма?
Телефон арқылы
Сұраққа «АЖЖ» АҚ-ның жөндеу мәселелері жөніндегі вице-президенті Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВ жауап берді:
– Кәсіпорын өз күшімен жылытуаралық жазғы маусымда 426 шақырымдық жылу жүйесіне тексеру жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жасауы тиіс. Жұмыс көлемінің көптігінен күрделі жөндеу жұмыстары шамамен қыркүйектің ортасына қарай аяқталады. Мұны ертерек, мәселен, тамызда жасау мүмкін емес. Ол үшін бізге кәсіпорын штатын едәуір кеңейтуге тура келер еді, бұған тариф мүмкіндік бермейді.
Құбырды қазып, жөндеп қана қоймай, жұмыс учаскесін ретке келтіру керек. Жұмыстар әкімдікпен келісілген кесте бойынша жүргізіледі. Жұмыс күндерінде кейбір учаскелердегі көлік қозғалысын қиындатпас үшін жөндеуді тек демалыс күндері жасау керек болады. Жөндеуден кейін сынақ жүргізіліп, жұмыс сапасы тексеріледі. Сынақ, сонымен қатар, бұдан бұрын табылмаған ақауларды анықтауға көмектеседі.