Атырау, 24 желтоқсан 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жарық тендерден соң беріледі

13 072 просмотра

– 2012-2013 жылдары М. Қазірет (бұрынғы Маркс) көшесіне шамдар орнатылды. Бірақ оларға әлі күнге дейін жарық қосылмаған. Атырау қалалық әкімдігі өтінішімді қарап шыққаннан соң: нысанды салушы - «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС жосықсыз мердігер деп танылып, банкрот боп жарияланғанын, осы себепті іске қосу-реттеу жұмыстары мерзімінде аяқталмағанын, тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі сотқа талап арыз беріп, тек содан кейін нысанның пайдалануға қабылданғанын хабарлады. Содан бері қарай 4 ай уақыт өтті, бәлкім, сот ақырғы шешім шығарып, қандай компанияның жұмысты аяқтайтыны және көшемізге қашан жарық берілетіні белгілі болған шығар.

Телефон арқылы Сұраққа Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ жауап берді. 

Жауапта айтылғандай, Атырау облысының экономикалық соты осы іс бойынша өз шешімін шығарған. Енді сіздің көшеңізді жарық беру жүйесіне қосу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыратын мердігерді анықтау үшін толық тендерлік процедура өткізіледі.

20 желтоқсан 2017, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.