ҚазТрансГаз Аймақтың тұтынушылармен жұмыс жасау әдістері тіпті шаршатады. Бұл компанияның басшысы өте беделді адам ба деп те ойлайсың. Бұл компанияның басшысы кім екенін білгім келеді.
Владимир Лисицкий
Сұраққа «РЦКУ-Атырау» ЖШС директоры Асхат ЖОЛАТОВ түсініктеме берді:
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен мекемелердің тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне сәйкес дауысқа ие акциялардың 50 және одан жоғары пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазынаға» тікелей немесе жанама тиесілі. 12.01.2015 күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалы мен «РЦКУ-Атырау» ЖШС арасында 2015-2019 жылдарға арналған биллингтік қызметтерді сатып алу Келісіміне қол қойылды. Кәсіпорындар арасындағы барлық қатынастар аталған келісімшартқа сәйкес реттеледі. «РЦКУ-Атырау» ЖШС жеке мекеме болып табылады, оның құрылтайшылары құрамында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен қандай да бір байланысы бар тұлғалар мен биліктің жоғары жағындағылар жоқ.