Атырау, 25 желтоқсан 00:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Күндізгі шу да шектеулі болуы тиіс

17 735 просмотра

- Көршілеріміз екі аптадан бері жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс күндері тасыр-тұсыр еткен дыбысқа шыдап бағамыз-ау, ал демалыс күндері көрші пәтерден шығатын дыбыстарға шыдау мүмкін емес. Тіпті, біз ұйықтап жатқанда жұмысарын таңғы сағат 8, 9-дан бастайды. Тыныштық сақтау ережелері бар ма?

Атырау тұрғыны

Сұраққа Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА жауап береді.

- ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабында: Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу: жеке тұлғаларға – 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік – 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады делінген. 

Алайда түнгі уақыттың шекарасын (сағат 23-тен 6-ға дейін) белгілеу күндіз кез-келген шуға жол беріледі деп қорытынды жасауға негіз бермейді.Бұл шектеу тұрғын үй-жайларда түнде толық тыныштық, ал күндізгі уақытта шу шекті нормада сақталуы тиіс дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта бұл мәселені реттейтін «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар үй-жайларындағы және тұрғын құрылыс аумағындағы шудың рұқсат етілген деңгейлері» санитарлық ережесі қолданылады.

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

8 тамыз 2018, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.