Заңды тіркелген құжаты бар асыл тұқымды итімді жақында ит атушылар мектептің ауласынан атып кеткен. Мойнында қарғыбауы бар итті атар кезде алдымен ескерту жасауы керек емес пе?
Қуандық БӨКЕШЕВ, Сарайшық ауылының тұрғыны.
Сұраққа Атырау қалалық ветернариялық станса директоры Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ жауап берді.
- Облыстық мәслихат депутаттарымен бекіткен ит пен мысықты ұстау ережесі бар. Егер мойнында қарғыбауы бар ит көшеде жүрген болса, ол қаңғыбас ит болып саналады. Ережеге сәйкес, ит көшеде тұмылдырығы тағылып, иесімен бірге серуендеуі тиіс. Біз алдағы уақытта арнайы тәлімбақ ашып, қарғыбаулы иттерді иесі табылғанға дейін сонда ұстау туралы ойластырып жатырмыз. Яғни, қарғыбауы бар ит көшеде жүрсе, оны бірден атып тастамай, тормен ұстап 3 күн тамағын беріп күтеді. Иесі анықталған кезде айыппұлын төлеп алып кетеді.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ