– Қалың сақалым бар, оны өзіме үйлеседі деп есептеймін. Автомектептегілер егер сақалымды алып тастамасам, емтиханға кіргізбейтіндерін және жүргізуші куәлігін бермейтіндерін айтады. Автомектеп әкімшілігінің бұл талабы заңды ма?
Телефон арқылы
Оқырман сұрағына Атырау облыстық ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:
– Автомектептегілер сізге қате ақпарат берген. Сақал қою мәселесіне қатысты ешқандай шектеу қойылмаған. Сіз автомектепте оқып, курсты бітірген соң ІІД ӘПБ ТЕБ-не емтиханға кіре аласыз.