Атырау, 24 желтоқсан 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

"Солтүстік" бағдарламасы оңтүстікке арналған

13 823 просмотра

- Мен арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша отбасыммен солтүстік өңірлерге көше аламын ба? Жаңа жерде жұмыс және үймен қамтамасыз ететін бағдарлама бар деп естігенмін.

Телефон арқылы

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Балдай ӨТЕҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, расымен де, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында қазақстандықтарды халқы аз солтүстік облыстарға көшуге көмектесіп жатыр. Көшіп барушылардың әр отбасы мүшелеріне 35 АЕК көлемінде жолақы, ересектерді жұмыспен қамтып, үй жалдауға 34 мыңнан 68 мың теңгеге дейін мөлшерде субсидия беріп, жеңілдікпен үй алу кезегіне қояды. Алайда! Бұл бағдарлама тек еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарына арналған. Атырау облысы бұл тізімге кірмейді.

Облыстық көші-қон полициясы басқармасының бөлім басшысының м.а. Алмагүл СӘРСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, 2017 жылы Атырау облысынан 1 807 тұрғын Қазақстанның өзге облыстарына көшсе, 136 адам басқа елдерге кеткен (2016 жылы сәйкесінше - 2 260 және 131).

18 қаңтар 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.