Атырау, 24 желтоқсан 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Жер төлемақысы​

13 781 просмотра

– Жақында салық қызметінен 11 884 теңге төлеуге тиіс екендігім туралы хабарлама алдым. Жаңа заң бойынша мүлік салығын келесі жылы төлеуге болатынын білетіндіктен, не үшін мұндай сома төлейтінімді анықтау үшін барған едім. Салық қызметіндегілер мұның 2015 жылы алған жер телімімді уақытша пайдалану төлемақысы екенін түсіндірді. Алайда, уақытша пайдалану туралы келісімшартта 200 теңгедегі сома белгіленген. «Неліктен мұндай сома айырмашылығы шығып тұр?» деген сұрағыма: «жер комитеті есептегенде қателескен» деп түсіндірді. Нәтижесінде 2100 теңге мөлшерінде өсім есептеп берді. Жер телімін пайдаланғаны үшін төленетін салықтың нақты мөлшерлемесі қандай?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Жәнібек НҰРЖАНОВ жауап берді:


– Салық кодексінің 481-бабының 6-тармағына сәйкес, дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.

Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі осы жылдың мамырында Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына 2016 жылғы І-IV тоқсан үшін қайта жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттары туралы қосымша деректер ұсынды. Онда жер телімдерін пайдалану төлемдерінің сомасы бойынша мәліметтер өзгертілген. Осы мәліметтердің негізінде қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы төлем сомасын есептеп, салық төлеушілерге хабарландырулар жолданды. Жаңылыс деректер беру фактісі бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік шаралар алды.

Шарттардың өзгеруі туралы туындаған сұрақтар бойынша - Атырау қалалық жер қатынастары бөліміне, ал жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеу мәселелері бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына (2-қабат, 20-кабинет) жүгіну қажет.


11 қаңтар 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.