Атырау, 25 желтоқсан 00:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Оқушылар тегін жүреді

12 958 просмотра

№20 автобустағы (газель) кондуктор сабақтан үйге келе жатқан үш оқушыны сөмкесіндегі кітаптарға, анықтама қағазына да қарамастан келесі аялдамадан түсуін талап еткен. Себебін сұрағанда, «заң бойынша газельге тек 1 оқушыдан мінгіземіз» дегенді айтқан. Ал №11 маршрутқа оқушыларды мүлдет мінгізбейді екен. Бұл қаншалықты заңды?

Телефон арқылы 

Тұрғын сауалына «Смарт-Атырау» КММ-нің директорының м.а. Лунара РЫСПАЙ жауап берді:

Сыйымдылығы үлкен, орташа және шағын (газельдер) қоғамдық көліктеріде мектеп оқушыларын санына қарай тасымалдауға қатысты ешқандай шектеу қойылмаған.

Қалалық ТКШ мемлекеттік мекемесі және тасымалдаушылар арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, 17 жасқа дейінгі оқушы балалар тек оқу мезгілінде қоғамдық көлікте ақысыз жүруге құқылы, ал оқудан тыс уақытта толық жолақыны төлеуге тиіс. Сонымен қатар, қалаішілік маршруттарда төмендегідей санатқа жататын жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне;

- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

- Есту қабілеті нашар және зағиптар қоғамдастығы мүшелеріне;

- І-ІІ топ мүгедектеріне;

- 17 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына сабақ мезгілінде;

- Зейнеткерлерге;

«Смарт-Атырау» КМК басшылығы сондай-ақ, жекеменшік тасымалдаушылар үшін жергілікті бюджеттен жеңілдіктер қарастырылмағанын қаперге береді.

Дайындаған Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

1 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.