Атырау, 25 желтоқсан 00:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Мәміле туыстар арасында болса

10 557 просмотра

Мен банк салымшысымын. Бастапқыда пәтер алғым келді, кейін жер алуды ұйғардым. Бір туысым өзінің жерін сатып алуды ұсынған еді. Бірақ жерге уақытша мемлекеттік акт берілген. Туысым тұрақты мемлекеттік актіні жерге үй салынғаннан кейін ғана ала алады. Ал әзірге нотариус бізге алдын-ала сату-сатып алу шартын жасауды ұсынып отыр. Сату-сатып алу туралы алдын-ала жасалған осындай шарт негізінде маған несие беріле ме? Туысқаным осы жерден үй сал дейді. Ол үйді өз атына тіркеп, содан кейін оны маған ресми түрде сатпақшы. Егер менің әзірге жер телімім болмаса, үй салу үшін несие ала аламын ба?

Сұраққа «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау филиалының директоры Нұрбол ҚҰРМАН жауап береді. Бұл жағдайда жер телімін сатып алу үшін несие алу мүмкін емес, өйткені меншік құқығы мемлекетке тиесілі. Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, егер мәміле тараптары ерлі-зайыптылар немесе қосалқы қарыз алушылар ретіндегі жақын туыстары болса, үй алуға, сондай-ақ, жер телімін сатып алуға несие берілмейді.

28 тамыз 2019, 20:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.