Атырау, 28 желтоқсан 00:18
 қар жаууы ықтималВ Атырау -1
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Теңіз кен орнындағы ЖКО Атырауда

Теңіз кен орнындағы ЖКО

6 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды. Жүк көлігі мен жанармай тасушы көлік соқтығысты. Полиция департаментінің хабарлауынша, нәтижесінде дене жарақатын алған жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілген. 10 наурыз 2022, 11:46 2 085 рет қаралды
Тутұғыр маңында саябақ, мектептер, Мәдениет үйлері, стадион, аурухана салу жоспарланып отыр Атырауда

Тутұғыр маңында саябақ, мектептер, Мәдениет үйлері, стадион, аурухана салу жоспарланып отыр

Атырауда биыл тутұғырдың артқы жағынан жаңа саябақтың құрылысы басталады. Саябақта 7 субұрқақ, балалар ойнауға арналған алаңдар, спорттық жаттығу алаңдары, амфитеатр, т.б қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Құрылыс NCOC компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылады. 10 наурыз 2022, 11:39 2 665 рет қаралды
Құрманғазы ауданындағы ауылдардың басым бөлігі жарық көзіне қосылды Қоғам

Құрманғазы ауданындағы ауылдардың басым бөлігі жарық көзіне қосылды

«Құрманғазы аудан орталығындағы барлық ықшам аудан кезең-кезеңмен электр жүйесіне қосылды. Байда, Орлы, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшово, Еңбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл ауылдары да қосылды», - деп хабарлады  Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі. «Қазақтелеком» АҚ-ның 27 станциясының 20-сында байланыс қалпына келтірілді. Сурет 10 наурыз 2022, 11:18 2 330 рет қаралды
Қараусыз мал барымташыға жем болады Атырауда

Қараусыз мал барымташыға жем болады

Атырау облысы аумағында “Мал ұрысы” жедел алдын алу шарасы өтті. Полиция қызметкерлерінен құрылған 10 топ мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 154 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 75 орын мен 229 шаруа қожалықтарын тексерді. 10 наурыз 2022, 10:26 1 525 рет қаралды
Қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынғандар тергеу изоляторында наразылық акциясын ұйымдастырды Атырауда

Қаңтар оқиғасы бойынша қамауға алынғандар тергеу изоляторында наразылық акциясын ұйымдастырды

9 қаңтарда Атыраудағы тергеу изоляторында қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты деп, үстерінен қылмыстық іс қозғалып, тергеуге алынғандар наразылық акциясын өткізді. Оқиға орнына жеткен «АЖ» тілшісі темір торлы терезелерден ер адамдардың айғайлаған дауысын естіп, қамауға алынғандардың қара және қызыл шүберекті бұлғап жатқанын көрді. Сурет Бейнежазба 10 наурыз 2022, 10:19 2 710 рет қаралды
Қала маңындағы 79 көшеге асфальт төселеді Атырауда

Қала маңындағы 79 көшеге асфальт төселеді

Биыл Атырау қаласында 79 көшеге жаңадан асфальт жол төселеді. Атап айтқанда, жаңа жолдар Еркінқала ауылдық округіне қарасты 46 көшеге (Балауса, Ракөш, Еркінқала), және Бірлік-2 және Геологта  23 көшеге салынады.  9 наурыз 2022, 11:56 2 082 рет қаралды
Гаражда жарты келі есірткі табылды Атырауда

Гаражда жарты келі есірткі табылды

Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп гаражында жалпы салмағы 471,25 грамм синтетикалық есірткі - альфа-пирролидин (a-PVP) сақтаған 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бейнежазба 9 наурыз 2022, 14:22 1 701 рет қаралды
Ресейлік энергетикалық өнімдерден бас тарту Қазақстан мұнайының транзитіне әсер етпейді - АҚШ Қаржы министрлігі Қазақстанда

Ресейлік энергетикалық өнімдерден бас тарту Қазақстан мұнайының транзитіне әсер етпейді - АҚШ Қаржы министрлігі

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейден мұнай импортына салынған тыйымның Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы жеткізетін Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысы жоқ екенін нақтылады. 9 наурыз 2022, 11:06 1 696 рет қаралды
Жилгородок көпіріне жаңа асфальт төселеді Атырауда

Жилгородок көпіріне жаңа асфальт төселеді

Атырауда биыл ойық, шұңқыр жолдарды жамауға 324 млн 313 мың теңге жоспарланған. Мердігер мекемені анықтау мақсатында күні бүгінде мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс жарияланды.      9 наурыз 2022, 10:15 2 003 рет қаралды