Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Халықаралық мүгедектер күніне орай «Ізгі ниетпен…» атты облыстық байқау-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға жоғары қажеттілікті қажет ететін балалар мен ересектер, арнайы орталықтың тәрбиешілері қатысты.
Музей директоры Төлеген ОРЫНБАСАРҰЛЫ құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға жүлде табыстады:
- Құрметті қатысушылар, сіздердің өнерлеріңізге тәнтті болып тұрмын. Бұл байқау сіздердің барлық қиындықты жеңуге деген ерік-жігеріңізді одан әрі шыңдай түседі, өзіңізді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге көмектеседі деп сенеміз.
Байқау нәтижесінде ересектер арасында бірінші орынды Гүлсім Темірғалиева, 2-орынды Бибігүл Қойшыбаева мен Анаргүл Шатенова, 3-орынды Анар Құлжанова мен Амангелді Рашкалиев, Қайсар Ибатов иеленсе, балалар арасында 1-орынды Дильназ Нұржан, 2-орынды Еркебұлан Кенжеғалиев пен Гүлназ Еламан, 3-орынды Абдрахим Тулыбаев, Айгерім Асылбек, Біржан Өтеген еншіледі.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттер Ш.Сариев атындағы музейден алынды