4 желтоқсанда кешкісін Жұмыскер ауылының маңында 72 жастағы ер адам мұз астына түсіп, суға батып кетті. Ал Жайыққа бірге барған 10 жасар немересін оқиға куәгерлері аман алып қалды.
Көп ұзамай суға батқан адамның денесін ТЖД сүңгуірлері судан шығарды.
ТЖД барша жанға абай болуға және қалыңдығы 3-4 см ғана болатын әлі қатпаған мұз үстімен жүрмеуге шақырады.
Айнұр САПАРОВА